Кентау қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллин көшесінде, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Тойшиев, қаламыздың жергілікті ақын- жазушылары М.Махажов пен Ж.Бекшораева, Әл — Фараби атындағы №14 мектебінің оқушылары мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер — коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дала дауылпазы, атақты ақын, жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Кентау көшелері» жобасы аясында «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеште ұлы тұлғаның кітаптары қойылған көрме жасақталып, оны жастарға дәріптеу шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ақынның өмір жолы, қазақ еліне сіңірген еңбегі де айтылды.

«Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер — коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары атты» әдеби кешке қош келдіңіздер.Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын — жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Өмірге жұлдыз болып келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара адамдар, дарынды жандар аз — ақ. Бірақ қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда 20 — сыншы ғасырда кенже қалған емес. Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады. Қандай марғасқа, жаны жайсаң адамдар өмір сүрді сол кезеңде. Әр адамның өз келбеті, өз жан — дүниесі болады. Егер ақынға сезім мен сұлулықты, қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады. Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын. Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген. Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп, талай дүниелер дүниеге келді. Соғыстың да ащы дәмін татып, бала оқытуды да меңгерген ірі ұстаз өмірінің соңғы кезіне дейін құдіретті ақындық өнердің жүректе жатқан шырағын сөндірген емес. Жаңалыққа толы қым — қуыт жиырмасыншы ғасыр өмір майданына, өмір жағалауына таңдаулыларды өзі шығарып тастап отырды. Жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Дәл осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, мектебіміздің Сәкен есімімен аталуының өзі, шығармалары, өлеңдері бізбен бірге. Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын. Өзінің бар өнерін халық мақсатына, туған елінің жарқын болашағына арнап, жаңа заманның дауылпазы болды. Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек. Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазан айының 15 — інде Ақмола уезіне қарасты Нілді болысында (қазіргі Жезқазған облысы Ағадыр ауданы) көшпелі кедей шаруасының семьясында туған. Сәкен Сейфуллин – қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері. Оның есімі халық арасына революция жылдары және одан кейінгі кезеңде кеңінен тарады. Ол қазақ ақындарының ішінде бірінші болып революцияны жырлады, Совет өкіметі үшін күреске белсене қатысты.Табиғаттың дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрынды, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. 1937 — 1938 жылдарда қара дауылдай соғып тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат салысқан С. Сейфуллин нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығынға душар етті. Дәл осы кезде де өз басына қауіп — қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі — осы Сәкен Сейфуллин еді. Сейфуллинді НКВД 1937 жылғы қыркүйектің 24 — інде тұтқынға алып, 1938 жылғы ақпанның 25 — інде атып тастады.» — деді Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Тойшиев

 

Сәкен Сейфуллин — қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған. Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер — коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі.

Іс-шараның мақсаты жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси — қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Сәкен Сейфуллин жайлы мәлімет бере отырып, өмірі мен еңбектерімен таныстыру, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*