ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Түркістан облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Кентау қаласына арнайы барды. Мәжіліс депутаты №5 ЖЭО-ң 92 пайыз тозығы жеткен қазандықтарына қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Қала әкімі Жандос Тасов 92 пайызға тозығы жеткен сервис орталығында бүгінгі таңда, 4 қазандыққа ағымдағы жөндеу және 4 қазандыққа қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.
80 жылдық тарихы бар жылу мекемесі Кентау қаласындағы қуаттылығы 100 Гкал/сағ. жоғары жалғыз орталық болып саналады. Осыған дейін орталықтың тозуына байланысты, қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстарын жасау жоспарланған болатын. Сметалық құны 13,7 млрд. млн.теңгені құрайды.
Қазандықтардың қайта құру жұмыстары 30 — қазан аяқталады.
— Станцияның тозу дәрежесі жоғары болғандықтан, авариялық келеңсіз жағдай тудыруы мүмкін. Жылу орталығының қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін қала тұтынушыларын сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз ету арта түспек. Сондықтан жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды қадағалау тиіс. Нысан толығымен партиялық бақылауға алынған , — деді Е.Бейсенбаев
Айта кетейік, нысан 2024 жылға өтпелі. Қазіргі таңда қазандықтардың демонтаж жұмыстары орындалуда. Дайындық жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
Одан бөлек, жылыту маусымына 6,6 шақырым магистралды жылу желілері мен 4 насостық станцияны қайта жаңғырту үшін ағымдағы жылға 3,8 млрд. теңге бөлінген.
Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*