Шардара қаласының Асемай, Болашақ шағын аудандарында 120 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал топтары және аз қамтылған көпбалалы отбасылары үшін салынуда. Аудан әкімі Арман Романұлы тұрғын үйлердің құрылысын аралап, мамандарға сапасы мен жұмыс қарқынын қадағалауды тапсырды.

«Тұрғын үй кезегінде жылдап тұрғандарды баспанамен қамту үшін барынша әрекет жасауымыз қажет. Білемін мыңдаған тұрғын үй салуға бюджет қаражаты жетпейді, бірақ жылда аз-аздан салаберсек үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамтып, қуаныш сыйлаймыз. Сол үшін барынша қарқынды жұмыс жасауымыз керек. Сонымен қатар, ауданға кіреберіс жерлерін және қала іштерін абаттандырып, келушілер мен аудан тұрғындарының көрікті мекенде жүруіне жағдай жасау басты міндеттеріміздің бірі.»- деді Арман Романұлы.

 

Айта кетсек, тұрғын үйлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» №736 қаулысына сәйкес, бағдарламасымен жүзеге асуда. Тұрғын үй құрылысын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, аудан әкімі Шардара қаласы, Шардара-Жетісай бағытына кіші сәулеттік абаттандыру құрылысымен танысып, ондағы сәулеттік жобаларды қарап, идеяларды талқылады.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*