Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Осыған орай өткен жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерген еді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттап берді. Осыған байланысты Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұнын таныстыру бағытында Кентау қаласы Д.Қонаев мектебінде ақпараттық оқыту семинары өтті. Аталған семинарды «Білім беруді дамыту орталығының» тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Примбетова Шарипа Құдайбергенқызы жүргізіп құнды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, семинарға Кентау қаласы білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен сынып жетекшілер бірлестіктері, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері де қатысты.

« — Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті болып табылады. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы екені айқын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан — Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін, ең бастысы әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін, сондай-ақ,халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін, әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті. Жалпы, тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас жүйе. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады. Еліміздегі жаңа бастамада жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Біздің мақсатымыз жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Ал, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының міндеттеріне тоқталсақ, біріншіден ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. Екіншіден ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу. Үшіншіден жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен ұсыным әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу. Бесіншіден табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу болып табылады. Осылайша бұл бағдарламаның нәтижесімен ата-анасын сыйлайтын, перзенттік парызын түсінетін, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалай алатын, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейтін саналы ұрпақ қалыптастыру көзделеді. Сондай-ақ, отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санай білетін және ұлттық мәдениетті құрметтеп, салт-дәстүрлерді білетін, оны сақтайтын азаматтарды дәріптеуіміз қажет. Осындай тәрбиені бойына сіңірген ұрпақ әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.» — деді «Білім беруді дамыту орталығының» тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Примбетова Шарипа Құдайбергенқызы.

 

Сондай-ақ семинарда ұстаздар әр бағыттар бойынша өз баяндамаларын жасады.Солардың ішінде  әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы құндылықтарды енгізу бойынша таныстырылды. Бұл жобалар білім беру мен қоғамның әртүрлі аспектілерін жақсартуға, білім алушыларды, ата-аналарды, педагогтерді профилактикалық іс-шараларға тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары «Қамқор» Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Сонымен қатар, «Еңбегі адал — жас өрен» білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптейді. Ал, «SMART BALA» Инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу, «Шабыт» Білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды насихаттау және «Ұшқыр ой алаңы» тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу жүзеге асады. Сонымен қатар, «Балалар кітапханасы» жобасы олардың кітап оқуға және білім алуға қызығушылықтарын қалыптастырады.

Жалпы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Яғни, ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық берілуі тиіс. Ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту басты назарда. Сонымен қатар, ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи төл шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере
отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру маңызды болып саналады. Кентау қаласында өткен семинарда осындай маңызды мәселелер айтылып, педагогтар өзара тәжірбие алмасуға да мүмкіндік алды. Бағдарлама бойынша, жасөспірімдерге отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасын құруға жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту туралы да айтылды.

«- Тәрбиенің ең маңызды қадамында жастарды адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады. Яғни, «Адал азамат» идеясы. Бұл балалар мен жастардың бойында әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын дарыту арқылы адал еңбек пен қоғам игілігін алдыңғы орынға қоятын, адал, әділетті азаматтарды тәрбиелеуге бағыт береді. Ал, «Әділетті Қазақстан» идеясы әрбір азаматқа өзін-өзі жүзеге асыруға және табысқа жетуге бірдей мүмкіндік беретін қоғам құру мақсатын көздейді. Бұл мақсатқа жету үшін балалар мен жастардың бойында тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, заң мен тәртіп құндылықтарын дамытуды қажет етеді. Сондай-ақ, «Озық ойлы ұлт» идеясы балалар мен жастардың бойында білімге құштарлық, шығармашылық және инновациялық ойлау, кәсіби даму, бірлік пен ынтымақ құндылықтарын дамыту арқылы өзгерістерге бейімделіп, инновациялық технологияларды ұтымды қолданатын ұлтты қалыптастыруға бағытталады. Демек, қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне дайын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштағанымен сабақтасады. Бұл әрбір азамат өзінің маңыздылығын, жауапкершілігін және ортақ іске қосқан үлесін сезінетін әділетті, дамыған және инновациялық қоғам құруға мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдары мен педагогтың міндеті: балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отыр.» — деді семинарда баяндама жасаған ұстаздар.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*