Түркістан облысында 3 млн 472 мың гектарды құрайтын мемлекеттік орман қоры жерлері бар. Орманмен көмкерілген алқабы- 1 млн 587 мың гектар немесе 45,7 пайыз, далалы құмды алқабы – 1 млн 884 мың гектар немесе 54,3 пайызды құрайды. Бұл, республикаға бағынысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және орман шаруашылығы жерлерін қоса есептегенде облыстың жер көлемінің
30 пайыз бөлігін құрайды. Жалпы Түркістан облысының жер көлемі – 11 млн.610 мың гектар.

Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры жерлеріне 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша тапсырмасына сәйкес, облыста Кешенді жоспар әзірленіп, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келісіле отырып, облыс әкімдігімен 2021-2027 жылға дейін 110,2 мың гектар жерге 170 млн көшет егу үшін бекітілген. Президент Аппараттының хаттамалық тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін қосымша көлемін 2 есеге көбейту ұсынылған.
Жоспар бойынша елді мекендерді көгалдандыруға облыстағы орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарынан 2022 жылы-251685, 2023 жылы-1088644, 2024 жылы – 997 329 дана әртүрлі көшеттер босатылып, тапсырма аясында 2021-2024 жылдарда облыс көлемінде жалпы 2 736,0 мың дана көшет отырғызылды.

2025 жылы облыстың аудан, қалаларына жалпы 1 млн-нан астам көшет босату жоспарлануда. Бүгінгі күні басқармаға қарасты тұқымбақтардан (орман шаруашылықтар) көктем айларына жоспарланған көшет көлемінен 439 965 дана босатылып, одан бөлек аудан, қала әкімдіктерінің бюджеті және демеушілер есебінен 69 874 көшет алынса, жалпы көктемгі маусымда 509 839 дана көшет отырғызылды. Орман шаруашылығы нұсқаулықтарында 30% көлемде толықтыру шаралары қарастырылған. Көшеттердің көнімділігін тексеру анықтау және аудан, қала әкімдіктерінің сұраныстарына сай 2026 жылы – 224,2 мың дана (15%), 2027 жылы – 149,5 мың дана (10%) және 2028 жылы – 74,6 мың дана (5%), жалпы 448 559 дана қосымша көшеттер босату жоспарлануда.
2024 жылы орман питомниктерінде 30,0 млн.-нан аса көшеттер өсірілсе, орман питомниктерінің санын ұлғайту, көшет сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар барысында 2025 жылы – 35,0 млн, 2027 жылға 40,0 млн, 2029 жылға 60 млн көшет өсіру жоспарлануда. Бүгінгі күнге орман шаруашылығы мекемелерінің жалпы көлемі 342 гектарды құрайтын, 21 орман питомнигі бар, көшеттің 17 түрі өндіріледі.
Көшет өндірудің саны, сапасы және түрлері бойынша Түркістан облысы Республка көлемінде алдыңғы қатарда. Қазіргі таңда өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес, басқармаға қарасты орман шаруашылықтарының тұқымбақтарында көшеттерге тиісті көлемде суару және дәрі беру жұмыстары күшейтіліп, стандартқа сай бойы 1,5-2,0 метрден кем емес көшеттермен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Сол себепті Өңіріміздің климаты ыстық және жердің тұзды, сортаң, топырақты болуына байланысты тиісті көшеттер егілуін және жазғы маусымдағы суару жұмыстарын күшейту, түнгі және күндізгі кезекшіліктер мен тасымалдау, алып кету күндерін нақтылап бекітілген қызметкерлер қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажет.

2021-2024 жылдарда жалпы 79 мың га аумаққа, 117 млн көшет егілді, бұл 46 пайызды құрайды. Ағаш отырғызу жұмыстары бойынша жоспарланған көлемдер жылма-жыл артуда. Оның ішінде 14 орман питомнигі, жалпы көлемі 237 га тұрақты, 8 орман питомнигі 105 га уақытша питомниктер.
Жергілікті жерсіндірілген жапырақты (қарағаш, шаған, емен, айлант), қылқанды (бозарша, арша, қарағай) жеміс ағаштары (өрік, алма, шие, шабдалы) мен биылғы жылы гүлді ағаш-бұта (сирийская роза, лигустра) түрлерін отырғызуға басымдылық беріледі. 2025 жылдың маусым айында басқарма тарапынан зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында келесі жағдай орын алған. Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 1,1 млн көшет отырғызу іс-шараға сәйкес, 801 елді мекеннің 90% көгалдандыруға 4 млн-ға жуық көшет егу жоспарланған. Елді мекендерде егілген көшеттерді ерекше күтіп-бапталып, суғару және қоршаумен қамтамасыз етілген жағдайда көшеттердің көнімділігі 80 пайыздан төмен болмауы керек.
Облыс бойынша аудан, қала аумақтарында 2024 жылдың күзі және 2025 жылдың көктемінде отырғызылған көшеттердің жалпы өнімділігі 56,2 пайызды, қоршаулар 71,1 пайызды және суару 68,6 пайызды құрайды. Суару жүйесі мен күтіп баптау жұмыстарының деңгейі төмен, күндізгі және түнгі суару кезекшіліктері ұйымдастырылмағандықтан маусым айындағы нәтиже төмен деңгейде екені анықталды. Әрбір аудан, қала босатылған көшеттерді уақытынан кешікпей алып, суару жүйесі мен қоршауы сапалы дайындалған жерге отырғызса көшеттердің көнімділігі жоғары болатындығы белгілі фактор .

Жұмысты дұрыс деңгейде ұйымдастырған Арыс, Түркістан қалалары, Созақ, Келес, Ордабасы, Шардара аудандарынан көшеттердің өнімділігі жоғары және сапалы екенін көруге болады. Бұл аудандарда көшеттің санына емес сапасына көңіл бөлінген. Арыс қаласында өткізілген семинардың қорытындысына сәйкес, Сіздің хаттамалық тапсырмаңыз бойынша аудан, қалалар өз аймақтарында жергілікті тұқымбақ ұйымдастыру тапсырылған, бұл бағытта аудан әкімдіктері тек хат жүзінде ғана мәлімет берілуде.
Бүгінгі күні аудан, қала әкімдіктерінен биылғы егілетін көшеттер көлемдері мен түрлерін нақтылау мақсатында жұмысшы топ құрылып аралау шаралары жүргізіліп, мәлімет жинақталды. Көшеттерді босатуда аудандардың климаттық ерекшелігі ескеріліп, әр лесхозға үйлестіру және қадағалауға аудан, қалалардан жауапты қызметкерлер нақтыланып, облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековпен бекітілген. Қазіргі таңда қосымша сұраныс болған жағдайда аталған көлемді толық қамтуға мүмкіндігіміз бар. Барлық аудан, қалаға күзгі ағаш егу маусымына дайындығы және жоспары бойынша 21.08.2025 жылы №29/1972 хатпен жолданған.
@Түркістан облысында Көгалдандыру жұмыстарының атқарылу деңгейі және күтіп-баптау жұмыстарының атқарылу барысы туралы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі