Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік грант Сауран ауданында өз нәтижесін беруде. Осы орайда, Майдантал ауылдық округінің тұрғыны, көп балалы ана,  тігінші Муштаева Айнұр өткен жылы «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған. Биылғы жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған» бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа ие болып, өзінің тігін цехын дамытып отыр. Кәсіпкер түскен қаржысына кәсібіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, ісін бастаған. Муштаева Айнұр кәсібін жолға қойып, әрі қарай жалғастыруды жоспарлауда.  Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалынып жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Мен қолымнан келетін кәсібімді мемлекеттің осындай көмегі арқылы бастағаныма өте қуаныштымын. Тігін кәсібі, үйде отырған көпбалалы аналарға және жұмыссыз әйел кісілерге жұмыспен қамту мақсатында жүзеге асыруға көптеген мүмкіндіктерді ашады, әр қыз-келіншектер өзінің өнерін паш етуге мүмкіндіктері жетерлік, дейді, көпшілікке үлгі боларлық кәсіпті өркендетіп отырған Майдантал ауылының тұрғыны.

« — Мен көпбалалы анамын. Биыл мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, кішігірім тігін цехын ашып, керекті құрал-жабдықтарымды алдым. Осы сәтті пайдаланып, үйде отырған аналарға өз кеңесімді айтқым келеді. Қазіргі таңда еңбек етемін деген адамға мемлекет тарапынан қолдаулар өте көп. Сол мүмкіндіктерді пайдаланып, қолдарынан келетін өнерлерін кәсіпке айналдырып, өзінің және отбасының әлеуетін арттыруға қадамдар жасауы керек деп ойлаймын. Өз бастаған ісін, кәсібін дамытамын десе де қазір елімізде мүмкіндіктер мол. Менің мақсатым осы тігін цехын одан әрі дамытып, өркендету. Қазірдің өзінде түрлі тапсырыстар мен сұраныстар артып келеді. Болашақта ісім алға басып жатса, өзге азаматшаларды да жұмыспен қамтып, білгенімді үйреткім келеді. Бұл берекенің бастауы болса керек,» — дейді грант иегері Муштаева Айнұр

Кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетем деген азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар бар. Өз қаржылық сауаттылықтарын дамытып, әл-ауқатын жақсартуды көздеген жұмыссыз азаматтардың бизнес көзін ашам деген ниеттері Бизнес жобаларын қорғау барысында байқалды.Яғни ол азаматтар нақты әрекеттерімен өз кәсібін өркендете алатындарына сенімді болуы маңызды. Бұл оның одан әрі әлеуетін арттыруға да септігін тигізетін басты қадамдардың бірі.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, елімізде биыл 2 млн. 200 мыңдай тіркелген шағын және орта бизнес субъектісі бар. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11 мыңға дейін артқан. Ал соңғы үш жыл ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің негізгі үлесін, орта есеппен 66,6%-ын жеке кәсіпкерлер құрайды екен.

 Жалпы кәсібін енді бастаған кез келген жас кәсіпкерлер мен кәсіпорындар мемлекет тарапынан қолдау күтеді. Өйткені ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жаңадан ашылған кәсіпорындар бизнес саласында бірнеше жылдық тәжірбиесі бар кәсіпкерлермен бір қатарға тұра алмайды. Енді тәй-тәй басқан жас кәсіпкерге қолдау қажет. Бұл орайда мемлекет тарапынан елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жеткілікті деңгейде көңіл бөлініп келе жатыр. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әзірленген, жүйелі жолға қойылған арнайы мемлекеттік бағдарламалар іске қосылды. Тіпті мүмкіндігі шектеулі адамдардың да жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнеспен айналысуына мүмкіндіктер жасалып жатыр. Мәселен, 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қайтарымсыз грант кәсіппен айналысқысы келетін халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын өкілдеріне арналған. Мұндағы осал топ дегеніміз, бірінші көпбалалы отбасы, екінші І, ІІ, ІІІ топқа жататын мүгедек жандар, үшінші үгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, төртінші АСП алушылар, бесінші асыраушыларынан айырылғандар, қоныс аударушылар. Одан кейін аталған азаматтар халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жата тұрып, олар жұмыссыз статусында болуы керек немесе жеке кәсіпкерлігі 3 жылға толмауы керек. Сонда ғана грантқа қатысуға мүмкіндігі болады. Бұл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаттары аймақтардағы мансап орталықтары арқылы ұсынылады. Сондай-ақ, мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Грант конкурс негізінде жүргізіледі. Қатысушы алдын ала «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтіп, тест тапсырып, «Бастау-Бизнесінің» сертификатын алады. Сол сертификат өтінім берушінің грантқа қатысуға мүмкіндігі бар екені негізінде беріледі. Грант саны әр өңірге арнайы бөлінеді. Сол санға байланысты конкурсқа қатысушылар құжаттарын тапсырады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге жол берілмейді. Грант алушы грант алған күннен бастап он екі ай ішінде бизнесті кеңейтуге бағытталған шараларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға құқылы емес, яғни кредит немесе басқа да бағдарламалар бойынша грант ала алады. Еңбек мобильділігі орталықтары шарт жасалған күннен бастап он екі ай ішінде Портал арқылы қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізе алады.

Келесі ол 5 миллион теңгенің гранты.  Биыл бұл грнаттың шарттары өзгерді. Биылғы шарттары бойынша жеке кәсіпкерлік 1 жылдан асуы керек, айналымы болуы қажет және жұмысшы тіркелу керек. Оның 100% жұмысшы деп алатын болсақ, оның 51%-ы қоғамның осал тобынан болуы қажет. Мәселен, 4 жұмысшының үшеуі осал топ немесе 3 жұмысшының екеуі  осал топ өкілінен болуы керек. Оларға бір жыл бойы әлеуметтік аударымдар аударылып отыру қажет. Сонымен қатар қатысушы әлеуметтік кәсіпкер ретінде тіркелуі шарт. Содан кейін ғана ол грант конкурсына қатыса алады. Ал, 2,5% пайыздық несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Қатысушыларды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырады. Бұл жерде қалаларға арналған 2,5% пайыздық несиеге кепілдік қойылады. Кепілдік қою – пайыздық несиенің басты талаптарының бірі. Кепілге жылжымайтын мүліктен басқа меншіктегі жер немесе арнаулы техниканы қоюға болады. Несие 5 миллионға дейін беріледі. Бұл жерде қатысушының несие тарихы қаралады. Сондай-ақ, несие 5 жылға, яғни 60 айға беріледі. Ал жеңілдік, несие каникулын алу үшін микрокредит алған адам агент атына өтініш жазуы керек болады. 2,5% мөлшерлеме жеңілдікті кезеңге есептеледі, бірақ оны өтеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Міне, бүгінде жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында осындай мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Жалпы Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы шағын және орта бизнеспен айналысатын субъектілердің жартысына жуығын, яғни 49%-ын әйелдер басқарады және олар жеке кәсіпкерліктің 59%-ын құрайды екен.

Мемлекеттік грант бағытына келгенде мамандар басты талаптарды ескерген жөн екенін айтады. Яғни, қаржыны міндетті мақсатқа қолдану керек. Бұл дегеніңіз жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты — қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.

Егер гранттық қаржыны мақсатты пайдаланбаған жағдайда қандай шаралар қолданылады?

Мемлекеттік гранттардың мақсатты пайдаланылуына мониторингті Кәсіпкерлер палатасы жүргізеді. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды. Кәсіпкерлер палатасы шарт жасасқан күннен бастап он екі ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызмет көрсетуге (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) жәрдемдеседі. Грант иегері мониторинг барысында грант қаражаттары мақсатыз пайдаланылып, басқа бағытта жұмсалғаны анықталса, бағдарлама талаптарына сәйкес ол жөнінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне грант қаражаттарын қайтару бойынша тиісті шешім қабылдау үшін жолданады. Өз кезегінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант қаражаттарын бюджетке қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарады.

— Қайтарымсыз қаржы алуға үміткерлер жобасын қарайтын комиссия құрамына кімдер енеді?

«- Кәсіпкерлер палатасы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау үшін атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен құрамы кемінде 5 адамнан тұратын комиссияны құрады. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Жергілікті атқарушы органдар мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері комиссияның төрағасы бола алмайды. Комиссияның хатшысы комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісу бойынша отырыстар өткізілетін орынды, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелерін алдағы отырыс туралы хабардар етеді, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді. Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.» — дейді мамандар.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*