Кентау қалалық Ардагерлер ұйымы “Әкелер мектебі” және Әжелер алқасының ұйымдастыруымен “Ұрпақ тәрбиесіндегі — бетбұрыс” атты семинар кеңес өтті.

Алқалы жиынға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, Түркістан облысы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, қалалық Ардагерлер ұйымының төраға міндетін атқарушы Мамыржан Юлдашев, Әжелер алқасының төрайымы Роза Жұмабекова, мектеп басшылары мен білім ордаларының “Әкелер мектебінің” төрағалары, психолог-социолог мамандары, ата-аналар қатысты. Жиында ұрпақ тәрбиесінің қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, жастардың дамуы, отбасындағы баланың тәлім-тәрбиесі жайында ой қозғалып, маңызды әңгімелер айтылды.

«-Білім беру ұйымдары мен отбасылық тәрбиенің сабақтастығы баланың даму кезеңінде маңызды рөл атқаратынын естен шығаруға болмайды. Себебі ата-ананың бала дамуына ықпалы орасан зор екені сөзсіз. Ал, мектептердің базасы, педагог қызметкерлердің кәсіби білігі, дамытушы ортаны тиімді құру, заманауи әдістермен тәрбиелеу мен оқыту жүйесін тиімді қолдану басты назарда болғаны дұрыс. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардың да оқу-тәрбие жүйесіне оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін үздіксіз ендіру және қолдану — уақыт талабы. Бізде ұзақ уақыт бойы мектеп – балалардың басты тәрбиешісі, ал отбасы – оған көмекші әрі одақтас деп саналып келді. Алайда, жеке тұлғаның басты тәрбиешісі отбасының нақ өзі екенін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Әрбір баланы жеке тұлғаға айналдыратын қайталанбас бейнесі отбасында қалыптасады. Ал осыдан тағы бір маңызды қорытынды шығады: ата-аналардың педагогикалық білім-білікпен қарулануы мектеп педагогтарынан кем болмауы тиіс. Әрбір ұлт «өсуі» қажет, яғни ұлттық білім алудың, ана тілін, әдебиеті мен өнерін оқытуды ұйымдастыруға арналған инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысудың, тұтас алғанда оқушылардың өз ұлтының мәдениетіне араласуының қажеттілігін ұғынуы тиіс.» — деді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова

Сонымен қатар басқосуда ұрпақ тәрбиесі қоғамдағы басты назарда болып, әрбір ата-ана бала тәрбиесіне мән беру керектігі, мектептерде тәрбие жайында жиындарды жиі ұйымдастырып, мемлекеттің жарқын болашақтарына дұрыс білім берумен қатар, тәрбиесіне аса мән беру керектігі ұсынылды.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*