Ұлттық мәдени құндылықтардың көпшілігі артефакттар этнографиялық, антропологиялық, археологиялық, бейнелеу, нумизматикалық болып табылады. Бүгінде, қазақстандық артефактілер әлемнің үздік музейлерінде сақтаулы тұр. Атап айтсақ Ресей, Қытай, Моңғолия, Франция, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Египет, Түркия, Венгрия, Австрия, АҚШ, Үндістан мемлекеттерінің музейлерінде Ұлы даланың, яғни қазақ елінің тарихи жәдігерлері, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мұралар көптеп кездеседі. Бүгінгі таңда шет елдердің музей қорларында сақтаулы тұрған артефакттар ауқымын анықтау өте қиын, мүмкін олардың саны бір неше ондаған мың заттардан құрауы мүмкін. Әзірге ғалымдар қазақстандықтарға кейбір мәдени құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін виртуалды мұрағат құра бастады.Қазіргі уақытта бұл бағытта әртүрлі елдердегі Қазақстан Республикасының Бас Консулдығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұл мәселені шешу ұзақ процесс болып табылады.
Алайда, Түркістан облысында артефактілерге арналған көрмелерде әлемнің музей қорларында сақталған жәдігерлерді халыққа насихаттап, еліміздің тарихын, мәдениетін насихаттау мақсатында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар, әртүрлі мемлекеттер арасындағы мәдени құндылықтармен алмасу елдің имиджі үшін оң процесс болып табылады. Осы мақсатта Түркістан қаласында орналасқан Ұлы Дала елі орталығында «Ұлы Дала мұралары әлемдік музей қорларында» атты көрме өткізіліп, ұлттық өнерімізді басқа халықтарға таныстыру, шет елдік музей келушілеріне қазақ заттарын көріп, білуі үшін таптырмас мүмкіндік қарастыру ісі де қолға алынды.
Бүгінде, осы музей экспозицияларымен таныса отырып, біздің елге деген қызығушылықтары пайда болып, елімізге арнайы келіп жатқан туристер де жетерлік. Айта кетейік, «Ұлы Дала мұралары әлемдік музей қорларында» көрмесінде Ресей, Париж, Британия музейлерінде сақтаулы тұрған бір неше артефакттардың фотосы ұсынылған.
Бөлісу