Жуырда бір топ ғалымдар АЭС салудың пайдасы мен зияны жайында пікір алмасып, кездесу өткізді. Кездесуде «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин пікір білдірген екен:

Жасыл экономиканың бір тармағы – АЭС. Себебі, қазір елімізде ғана емес, әлемде декорбанизация процесі жүріп жатыр. Өкінішке қарай, бізде көмір энергетикасы басымдыққа ие болып келді. Оның да құрылғылары ескірген, тозған. Жаңа құрылыс нысанын салудың да өз қиындығы бар. Оған қомақты қаражат керек. Көгілдір отынға да шектеу бар. Сондықтан бізде АЭС салудан басқа нұсқа жоқ», – деген болатын.
Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев атом электр станциясы жайында біраз пікірін білдірген болатын. АЭС алдымен экологиялық таза және де ол 100 жыл бойы электр қуатымен қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз негізгі екі артықшылық.
Бүгінде АЭС салу қажеттілігі басым және үлкен жоба. Еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен экологиялық сенімділігін арттырады.Сонымен қатар, еліміздегі жұмыссыздық мәселесі шешіліпте қалар еді. Жалпы елімізде аталған саланы игеруге білікті мамандар да, қаржылық ақуал да жеткілікті екенін атап өтуіміз керек.

Жомарт БЕГІМБЕТ — Журналистер одағының мүшесі 

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*