Кентау қаласында орналасқан «Әл – Фараби атындағы №14 мектеп – гимназия» КММ-де Түркістан облысы білім басқармасының облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 16 қазан күні сағат 10:00-де 10 — 11 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша Республикалық «Алтын түлек» олимпиадасының мектепішілік І кезеңі өтті. Олимпиадаға 2024 жылғы 09 – 16 қазан аралығында https://pwa.zerdeli.app/ сілтемеcі арқылы тіркелген білім ордасының 10 – сыныптан 7 оқушы, 11 – сыныптан 5 оқушысы қатысқан болатын. Мектепішілік І кезеңнің сапалы, жоғары дәрежеде өтуі мектеп директорының бұйрығымен бекітілген сарапшылар құрамы мен математика пәнінің мұғалімдері жұмыс жүргізді.

Олимпиаданың мектепішілік І кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады. Бірінші және екінші бөлім — тест тапсырмалары, үшінші бөлім – тапсырманың бос орындарын толықтырып жазу. Барлығы 100 ұпай және 60 минут уақыт берілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен, 10 – сыныптан 3 оқушы, 10 – сыныптан 3 оқушы қалалық ІІ кезеңге қатысу үшін жолдама алды. Мектеп ұжымы олимпиаданың мектепішілік кезеңінен орын алған оқушыларды марапаттап, қалалық ІІ кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, «Алтын түлек» олимпиадасының мақсаты оқушылар арасында математикаға ерекше қабілеті бар балаларды анықтау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық бағыттарға қызығушылықты ояту, сондай-ақ оқушыларға математикалық ұғымдарды талдау, сыни тұрғыдан ойлау, күрделі есептерді шешу дағдыларын үйрету болып табылады. Сонымен қатар, олимпиаданы өткізу мақсаттарының бірі — кәсіби бағдар беру жұмысы. Олимпиадаға қатысушылар жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен және факультеттерімен танысады.  Атап өтілгендей, «Зердел» ақыл-ой даму мектебімен бірлесіп ұйымдастырылған олимпиаданы өткізу еліміздегі математикалық білімнің дамуына қосылған қомақты үлес деп айтуға болады. Олимпиаданы ұйымдастыру оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Айта кетейік, өткен жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Алтын түлек» олимпиадасының республикалық кезеңі өткен болатын. Сайысқа Қазақстан бойынша 3000 оқушы қатысса, оның 234-і Түркістан облысы атынан бақтарын сынаған. Білім олимпиадасы «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірге ұйымдастырылған олимпиадаға 10-11сынып оқушылары қатысып,жалпы олимпиада нәтижесінде Түркістан облысының 8 оқушысы – бірінші орынға, 20 оқушысы – екінші орынға, 27 оқушысы – үшінші орынға ие болған. Ал, 14 білімді жас арнайы мақтау қағазымен марапатталды. Жеңімпаз атанған Камилханов Абдусамат «Stambul Aydin University» оқу орнының грантын иеленсе, Оралбек Дәурен және Оралбек Дарын Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің грантын жеңіп алған болатын.

«Алтын түлек» олимпиадасына қатысудың негізгі артықшылықтарын айта кетейік. Біріншіден олимпиадаға қатысу жоғарғы оқу орындарының білім гранттарын ұтып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіптік бағдар алуға, «Зерделі» оқу орталықтарының грантын иеленуге де мүмкіндік қарастырылған. Одан бөлек, олимпиада есептеріне координация және олимпиада алдындағы тегін сабақтарға қатысуға болады.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*