Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына жұмыс сапарымен барып, «Шардара» су қоймасы маңындағы жағажайларды аралап көрді. Туристік нысандардың жай-күйімен танысып, санитарлық тазалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қадағалады. Біршама сын-ескертпелер айтты.
Түркістан облысының бас санитар дәрігері ретінде Нұрбек Нышанов та облыс басшысымен біргелікте жағажайды аралап, санитарлық жағдайымен танысты. Жағажайда санитария саласы бойынша олқылықтарды жеке бақылауына алды. Аталған аумақтардағы жауапты тұлғалар мен жағажай жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге демалыс орындарына (жағажай) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.