Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында орналасқан «Қозыбақов Жамалбек» атындағы спорт кешенінде 2025ж мамыр айының 08-11 күндері, 9-мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бокстан 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының ашық турнирі өтті.
Дүбірлі жекпе-жек сайысына облысымыздың барлық аудандарынан дерлік, сонымен қатар көршілес Өзбекстан елінен, барлығы 300-ден астам жасөспірім былғары қолғап шеберлері қатысты. Солардың қатарында жекпе жек сайысына қатысқан Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас боксшылары, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ олар:
1.Әбдіраш Арсен 30 кг – І орын
2.Сайлау Бейбарыс 38 кг – І орын
3.Зайдыхадыр Мейіржан – І орын
4.Мухтар Ерқанат 36 кг – ІІ орын
5.Жаңбыр Нұрбақыт 44 – ІІ орын
6.Дүйсенбек Әли 50 кг – ІІ орын
7.Нұржан Нұрәлі 36 кг – ІІІ орын
8.Әбдіраш Бейбіт 46 кг – ІІІ орын
9.Иманбек Ерасыл 52 кг – ІІІ орын
10.Әбдіқайыр Бекназар 36 кг – ІІІ орын
11.Мәжит Нұрбатыр 36 кг – ІІІ орын
12.Әбдіраман Әбдінұр 44 кг – ІІІ орын
13.Жұмабеков Бақдәулет 50 кг – ІІІ орын
14.Адакбар Санжар 50 кг – ІІІ орын
15.Тәңірберген Ержігіт 57 кг – ІІІ орынға ие болып, Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкіртері жүлделі қоржынға 3-алтын, 3-күміс, 9-қола медаль салып, арнайы дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар Жаңбыр Нұрбақыт турнирдің «Үздік боксшысы» болып танылды. Сондай-ақ, спорт мектебінің басшылығы жаттықтырушылар Қалдыкөзов Нұрғалиды, Сайлау Арманға облыстық ашық турнирдегі жақсы жетістіктері үшін алғысын білдірді. Спортшылар алдағы уақытта да облыстық чемпионатқа жан-жақты дайындықпен барып, Төлебилік жанкүйерлерге қуаныш сыйламақ.