Биыл Қазақстан Мәслихаттарына — 30 жыл! Осыған орай Түркістан облысы мәслихатының «Мәслихатқа 30 жыл» атты облыстық кәсіби және кәсіби емес суретші — кескіндемешілердің арасында ұйымдастырған байқауы басталды.

Байқаудың мақсаты: Түркістан облысы суретші кескіндемешілердің шығармашылық туындыларын Мәслихаттың 30 жылдығына орай кеңінен насихаттау. Туған жер мен туған елге деген құрмет, ел тарихы, Тәуелсіз Еліміздің қол жеткізген жетістіктері, Қазақ халқының салт- дәстүрлері, өңірдің сұлу табиғатын дәріптеу арқылы халыққа рухани нәр беру, жас талантты суретшілерді жігерлендіру.

Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмаған. Облыстық мәслихаттың ұйытқы болуымен ұйымдастырылған байқауға өңірге қарасты барлық қала, аудандардан 40-қа жуық қатысушыдан өтінім келіп түскен. Байқау қорытындысы бойынша ұйымдастыру алқасы әр қатысушының жұмыстарын бағалайтын болады. Байқау жеңімпаздарын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов және облыстық мәслихат депутаттары арнайы марапаттайтын болады.

Байқауға қатысқандарға қаржылай сертификаттар, алғыс хаттар беріліп, түрлі номинация бойынша ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.

Байқау жеңімпаздарына: 1 – орын 300 000 теңге, 2 — орын 200 000 теңге және 3 – орын 150 000 теңге қаржылай сыйлық бар. Байқау қорытындысы бүгін аздаған уақыттан кейін белгілі болмақ. Барша қатысушыларға сәттілік!

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*