Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен халықаралық жарыстың салтанатты ашылуы өтті. Дүниежүзілік додаға 10 мемлекеттен спортшылар шақырылған. Боз кілемде қарсылас шақ келтірмеген жеңімпазға бас жүлдеге – автокөлік беріледі.

Мықты балуандардың бәсекесіне Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық Қазақ күресінің Құрметті президент Болат Аюбай, облыстық экономикалық тергеп тексеру департаментінің бастығы Асқар Төлешов, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ашылу салтанатымен құттықтады.

— Қайырлы күн, құрметті спортсүйер қауым, спортшылар, төрешілер! Баршаңызды бүгінгі Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен халықаралық жарыстың салтанатты ашылуымен құттықтаймын. Қажымұқан бабамыз қазақ күресін әлемдік аренада дамытқан бірден-бір тұлға,- деген Нұралы Әлмаханұлы төл спортымыздың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақ халқының мақтанышы, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне алдағы екі күн бойы Грузия, Азербайжан, Польша, Тәжікстан, Монғолия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстан мемлекетінің спортшылары бақ сынайтын болады. Жалпы сегіз салмақ бойынша, 100-ге жуық балуан боз кілемде күреспек.

Айта кетейік, Халықаралық доданың салтанатты ашылу барысында жарыс ұйымдастырушысы Самат Рысбековке, ҚР Туризм және Спорт министрлігінің арнайы Алғыс хаты табыс етілді.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*