Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі-сапалы білім беру болып табылады. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және инновациялық технологияларды меңгеру, оны өздерінің тәжірибелерінде тиімді қолдана білу міндеті тұр. 2024 жылғы 24 қазан күні Кентау қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Әдістемелік кабинеттің-10 күндігі» жобасы аясында Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп базасында қалалық деңгейде «Тарих, география пәндерінде білім сапасын талдаудың тиімділігі» тақырыбында коучинг-тренинг өтті. Тренинг мақсаты: Оқушыларды инновациялық әдіс-тәсілдермен оқыту арқылы тарих, география пәндерінен білім сапасын арттыру және білім сапасын талдаудың тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасу.
Коучинг тренингті қалалық білім бөлімінің тарих және география пәндері бойынша әдіскері А.Сенбекова жүргізді. Тренингке Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп базасында “Өрлеу” БАҰО АҚ Түркістан облысы Шымкент қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен өтіп жатқан тарих-құқық пәні мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курстың Түркістан және Кентау қалалары, Бәйдібек ауданының тыңдаушылары және тәжірибелі тренер Кенжехожаева Ляззат Шакимардановна қатысты.
Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Бабанов Науфаль «Тарих, география пәндерінде білім сапасын талдаудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, білім сапасы және оған әсер етуші факторлар туралы ақпарат беріп, мектеп тәжірибесіне Lesson stady әдісін енгізу арқылы білім сапасын көтеру жолдары бойынша презентациялық таныстырылым көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің мұғалімі Исаева Мадина Қалдыбекқызы пән мұғалімдеріне сабақта инновациялық әдіс-тәсілдерді, заманауи білім беру платформаларды тиімді қолдану арқылы тарих, құқық, география пәндерінен білім сапасын көтеру жолдары бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісіп, практикалық сабақ өтті. Коучинг тренинг қызықты өтіп, мұғалімдер өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Тренинг соңында мұғалімердер білім сапасын талдаудың тиімді жолдары бойынша өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Білімді, сауатты адамдар – XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде, адам баласы, адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәселермен оздым ғой демектің бәрі бекер», — деген өсиетін ұстанып, еңбек етуіміз қажет.