Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясымен жұмыс кездесуін өткізді. Миссияны Қазақстан бойынша жаңадан тағайындалған жетекші – Али Аль-Эйд мырза бастап келді.

Кездесу барысында елдің энергетика саласындағы инвестициялық климатты нығайту жолдары, жылу электр орталықтарын қоса алғанда, инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жоспарлары және мұнай-газ саласының даму перспективалары талқыланды.

Ерлан Ақкенженов Қазақстан энергетикасындағы басымдықтарды айқындап, инвесторлар үшін ашық әрі қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтті.

— Халықаралық серіктестермен, соның ішінде ХВҚ-мен жүргізілетін конструктивті диалог бізге энергетика саласын орнықты дамыту стратегиясын тиімді жүзеге асыруға және үздік әлемдік тәжірибелермен үндестіруге мүмкіндік береді, – деді министр.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттарды жаңғырту бағдарламалары болды. Әсіресе, жылу электр орталықтарын жаңарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл – сенімді энергиямен қамтуды қамтамасыз ету және заманауи, экологиялық таза технологияларға ұзақ мерзімді инвестиция тарту үшін маңызды негіз болып табылады.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*