Arman-PV»: оқулықтан тыс та ұлтқа қызмет ету

Дидара Алинамен сұхбат

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастапҚазақстанда кітаптар мен оларды шығаруқызметтері қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады. Бұл жаңалық білім беру мен баспасаласына қандай өзгеріс әкелмек? Оқулықдайындау үдерісі шын мәнінде қаншалықтыкүрделі? Осы және өзге де маңызды сұрақтарғажауап алу үшін біз «Arman-PV» баспасының бас директоры Дидара Алинаға жолықтық.

– Дидара ханым, қосымша құн салығыныңалып тасталуыбаспа саласы үшін тарихишешім. Сіз бұл жаңалықты қалайқабылдадыңыз?

Бұлбіз үшін үлкен үміт пен үлкенжауапкершілік. Мемлекет тарапынан рухани салаға, әсіресе кітапқа деген көзқарастың өзгеруі. Бұлшешімбір күнде қабылданған жоқ.

Баспа ісіөзге бизнес салаларыменсалыстырғанда баяу айналымды, өзіндікерекшелігі бар сала. Бұл шешім сіздердіңжұмыстарыңызға қалай әсер етпек?

Баспа нарығыжылдам тұтыну емес, ұзақмерзімді мазмұн өндіретін сала. Бір кітаптыңартында айлар мен жылдарға созылатын еңбек, көпсалалы шығын жатады. Бұлавторлық қаламақы, редакция, көркемдік өңдеу, дизайн, баспа жәнелогистика шығындары.

12 пайыздық ҚҚС осы процестің бәрінің үстіненқосылып, кітаптың түпкі бағасын өсіретін. Әсіресебалалар мен оқу әдебиетіне келсек, бұл бағақолжетімділікті күрт төмендететін. Ал енді ҚҚС-тың алып тасталуыбізге дем беретін шешім. Бұлсалаға инвестиция тартуға да оң әсер етеді.

Оқулық дайындау – сырт көзге қарапайымкөрінетін, бірақ іс жүзінде күрделі үдеріс. Сол процесті ашып айтып берсеңіз.

Бұлшығармашылық, ғылыми жәнетехнологиялық еңбектің түйіскен жері. Оқулықбаланың дүниетанымына, тіліне, логикасынатікелей әсер ететін құрал. Сондықтан біз әроқулықты жазғанда баланың жас ерекшелігі, қабылдау стилі, визуалды талғамы, тілдік ортасыбарлығын ескереміз.

Мысалы, бір сөйлемге қатысты шешім қабылдауүшін апта бойы бірнеше маман кеңесуі мүмкін. Әрматериал – тек автор мен редактордың емес, әдіскердің, дизайнердің, сарапшының, заңгердіңортақ жұмысы.

Мысалы, бірнеше жыл бұрын оқулықтарғацифрлық сілтемелерді міндетті түрде енгізу туралыұсыныс жасалды. Бұл шешім сол уақыт үшін өтеөзекті едібалаларды цифрлық контентпен жұмысістеуге үйрету керек болды.

Алайда уақыт өте келе кей сілтемелердің мазмұныөзгерді, кейбірі мүлде жұмыс істемей қалды. Бұлцифрлық ортаның табиғи сипаты. Біз кейін осы сілтемелерді алып тастап, қайта басып шығардық.Бұлоқушы мен мұғалім алдындағыжауапкершілікпен жасалған шешім.

Былайша айтқанда, оқулыққоғам мен технологияның дамуына сай мазмұны қайтақаралып, жаңартылып отыратын білім құралы.

– «Arman-PV» соңғы жылдары қандайоқулықтар мен жобаларға басымдық беріпотыр?

– 2025 жылы біз «Цифрлық сауаттылық», «Орыстілі», «Физика», «Қазақ тілі» пәндері бойыншажаңа буын оқулықтарын әзірледік. Әрқайсысымазмұны терең, құрылымы оқушыға жеңіл, мұғалімге ыңғайлы етіп жасалған кешенді жүйе.

Сонымен қатар, біз халықаралық тәжірибені де тиімді пайдаланып келеміз. Мысалы, Лэнс Кингтіңавторлық тұжырымдамасына негізделген «XXI ғасыр дағдылары» атты ерекше жобамыз бар. Бұлкітапбаланың сыни ойлау, креативтілік, эмоциялық интеллект сияқты қабілеттеріндамытуға бағытталған. Бұл – тек оқулық емес, тұлғаны қалыптастыру құралы.

Оқулықтың сапасын кім бағалайды? Сараптамадан өту қалай жүзеге асады?

Оқулық мектепке жол тартпас бұрын Оқу-ағартуминистрлігінің жүйелі, көп сатылысараптамасынан өтеді. Бұлмазмұндық, әдістемелік, техникалық және тілдік сүзгідентұратын кешенді тексеріс.

Сараптама процесін үйлестіретін басты орган – Республикалық білім мазмұнын сараптауорталығы. Аталған орталықтың кәсібисарапшылары оқулықтың сапасына, құрылымына, әдістемелік негіздемесіне терең талдау жүргізеді. Бұлбілім беру мазмұнының жүйелі түрдежаңартылып, сапалы оқу ресурстарыныңқалыптасуына негіз болатын маңызды кезең.

Биылдан бастап білім мазмұнын сараптау орталығыоқулық авторларын жаңа оқу бағдарламаларынталқылау процесіне тікелей тартуда. Бұлавторлармен сарапшылар арасындағы кері байланыстыкүшейтіп, оқу материалының мазмұнынжетілдіруге мүмкіндік беретін құптарлық қадам.

Құдайға шүкір, бүгінде бұл жұмысқа төрт тарапминистрлік, ұстаздар, авторлар және баспа өкілдерібірлесе атсалысып отыр. Осындайынтымақтастықтың арқасында соңғы 23 жылдабіздің баспамыздан сапалы оқулықтар жарық көріпкеледі.

Мұғалімдердің пікірлері қаншалықтыескеріледі?

Біз үшін ең шынайы кері байланысұстаздардыңпікірі. Соңғы жылдары ұстаздардан біздіңоқулықтарға қатысты өте жылы, кәсіби пікірлеркеліп жатыр. Бұлбіздің еңбегіміздің нақтыбағасы.

Ең бастысысоңғы жылдары оқулықты таңдауғамұғалімдердің өзі араласа бастады. Егер бұл таңдаушынайы түрде жүзеге асса – бұл саладағы еңәділетті шешім болады. Өйткені ұстазбаламенбірге тұрған, күн сайын оны жетелейтін адам. Олқай оқулық тиімді екенін терең түсінетін маман.

– «Arman-PV» тек оқулықтармен шектелмей, тарихи-танымдық бағытта да белсенді. Осы жайында айтып берсеңіз.

Иә, біз үшін кітап – тек білім құралы ғана емес, тарихи жадты, ұлттық сана мен мәдени мұраныжеткізуші құрал. Соңғы жылдары біз тарихи-танымдық мазмұнға көңіл бөліп отырмыз алдық.

Мысалы, журналист Майя Бекбаевамен біргежасаған «Жошы хан. Ұлы Ұлыстың билеушісі» және «Қазақстан. Жеңіске қосқан үлесі. 1941–1945» атты еңбектерімізсоның айғағы. Бұл кітаптар тек деректер жинағы емес, ұлттың жадына арналғанрухани ескерткіш.

Қорытынды ретінде: сіз үшін ең үлкенмотивация не?

– Бала білім алып жатыр ма? Мұғалім риза ма? Кітап өмірге жұмыс істеп тұр ма? Біз үшін еңбастысы – осы сұрақтардың жауабы.

Ұстаздан келген алғыс, оқушының қызығушылығыбұл тек мақтау емес. Бұлбіздің жұмысымыздыңбасты өлшемі. Бізді алға жетелейтін күш – осы.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*