2024 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқарамасы басшысының орынбасары Жанәбіл Болат Серікұлы, жергілікті қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған конкурс жеңімпаздары:
Аталған жеңімпаздарға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның атынан дипломдар табысталды.
Марапаттау рәсімінде сөз алған Болат Серікұлы: « Бүгінгі жеңімпаздар – әрбір азаматқа үлгі боларлық тұлғалар. Сіздер өз істеріңіз арқылы қоғамның сенімін ақтап, жақсылыққа бағытталған жаңа бастамаларға жол ашып келесіздер. Жеңіс пен табыс тек марапат емес, ол – алдағы күндерде сіздерге шабыт пен күш беретін рухани серпін.
Басқарма атынан баршаңызды бүгінгі жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, тың идеялар және алдағы жұмыстарыңызда жаңа белестерді бағындыруды тілеймін» деген ізгі тілегін білдірді.