Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Алмас Салимов, Жәнібек Сүлейменов, Уалихан Рахиев және Қайрат Салыбек Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесіп, халықтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев және облыс мәслихатының депутаты Басымбек Бахыт, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында облыс мәслихатының депутаты Жәнібек Сүлейменов Сарыағаш ауданына бөлініп жатқан облыстық, республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Түркістан облыстық мәслихат депутаттарының халықпен кездесуінде Сарыағаш қаласы аумағынан кезектегі азаматтарға жер учаскесін беру мәселесі, Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекені
аумағындағы ауыз су тапшылығын шешу бойынша талап-тілектер айтылды.

Жер телімдерін беру бойынша қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, жер инспекциясына ұсыныс беру арқылы 120 га жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылды. Депутаттар тарапынан мәселе бақылауға алынатын болды.

Ал ауыз су тапшылығы бойынша Су және ирригация министрлігімен кездесіп, мәселе айтылған. Ауданда жазғы мезгілде ауыз су тапшылығы орын алатыны жасырын емес. Өгемнен келетін су мәселесі шешілгеннен соң, тапшылық жойылатын болады және аудан әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде, — деді аудан әкімі.

Кездесу соңында тұрғындардың талап тілегі бойынша аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар беріліп, хаттамасы түзілді және орындалуы депутаттар тарапынан бақылауға алынды. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдіріп, депутаттарға сәттілік тіледі.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*