Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысының «Цифрлық даму орталығы» КММ-де 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайды. Өтініштердің басым бөлігі коммуналдық сұрақтар бойынша түсіп, 1 күнмен 7 күннің аралығында орындалады. Тұрғындар тарапынан жыл басынан бері 37 298 өтінім түсіп, 36 913-ы дер кезінде жабылған. Ал 385 өтінім орындалу барысында тұр.
Облыс әкімдігінің тапсырмасымен өтіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететін арнайы «109» мониторинг тобы құрылған. Қазіргі таңда аудан-қалалардағы тұрғындармен кездесіп, арыздардың уақытылы орындалуы қадағалануда. Сондай-ақ халықты ақпараттандыру мақсатында баннерлер жасалып, өңірдегі бильбордтарға ілінді. Алдағы уақытта Астанадағы іКОМЕК109 мекемесімен тәжірибе алмасу жоспарланып отыр. Онда бөлімнің жұмысын жандандыру тұрғысында өзекті мәселелер талқыланады.
Айта кетейік, өтініштерді 109 номерінен бөлек, facebook.com, instagram.com әлеуметтік желілеріндегі Байланыс Орталықturkistan_oblysy.109 мекенжайы, whatsapp желісіндегі +7 701 13 13 109 ұялы байланыс номері және «aikey-109» мобильді қосымшасы арқылы қабылдау мүмкіндіктері қарастырылған.