«Бұған дейін жасалғандардың бәрін, одан да жақсырақ етіп жасауға болады» — деп Генри Форт айтқандай, заманауи жағдайда оқу-тәрбие үрдісін сапалы қамтамасыз ету күрделі кәсіби іс-әрекет болып табылады. Себебі қазіргі кезде білім саласындағы қарқынды өзгерістер инновациялық технологияларды, жаңғырту мәселелерін талап етіп отыр. Осы орайда сабаққа деген қызығушылықпен білім сапасын арттыруда Lesson Study тәсілін қолдану кеңінен таралып отыр. Кентау қаласының білім бөлімінің 07.10.2024 жылғы №418 ә/қ бұйрығы негізінде және Кентау қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.А.Мақұлбекованың бастамасымен Lesson Study сыныптағы іс-әрекетті зерттеудің жапон әдісінің элементтерін енгізу және сыныптағы оқушылардың зерттеу жұмыстарын жас ерекшелігіне сәйкес жүргізу мақсатында Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің 4 «Б» сыныбы сабақтағы іс-әрекетті зерттеу бойынша қалалық деңгейде зерттеуге алынған.
Жалпы Lesson Study тәсілі – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алған. Батыста америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана танымал бола бастады. Қазіргі уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. Бұл мұғалімнің тәжірбиелі білімін қалыптастыруға ықпал ететін, сабақта орын алып жатқан іс-әрекетті зерттеудің ерекше мысалы болып келетін педагогикалық тәсілдердің бірі .Оқушының білім алуына көмек беру негізінде ұйымадастыруға болады. Lesson Study-сынып оқушыларының деңгейін анықтау, топтық жұмыс құрамындағы әртүрлі деңгейдегі оқушыларды анықтау мақсатында қолданылады. Әрі оқушы, әрі сабақ зерттеледі. Оқушылардың оқу үдерісі мұғалімдер тарапынан зерттеліп, зерттеу нәтижесінде мұғалімдер жаңа әдістерді енгізіп, қателіктерді түзей алады. Оқу мен оқыту сапасын арттыруға арналған таптырмайтын құрал ретінде қолданылып келеді.
Осы бағытта Ә.Науаи атындағы № 17 жалпы білім беретін мектеп базасында зерттеуге алынған 4 «Б» сыныпта, бастауыш сынып мұғалімі Базарбаева Дариға Сүлейменқызы дүниетану пәнінен «Отбасының қоғам өміріндегі маңызы» тақырыбында зерттеу сабағының алғашқы циклы жоспарланып, өткізілді. Зерттеуге алынған 4 «Б» сынып оқушылары сабаққа белсене қатысып, отбасы тақырыбы бойынша өз ой-пікірлерін еркін айтып, мақал-мәтелдер келтірді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізіліп, сергіту сәтінде нейрожаттығу өткізілді. Сабақты жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, сабақтың тәрбиелік мәніне, отбасылық құндылықтарға басты назар аударылды. Сабақ барысында оқушылар «Бәйге» әдісі арқылы бағаланып отырды. Сабақта «Бес жолды өлең» және «Ақылдының алты қалпағы» әдісінен тиімді пайдаланды. Сабақ өзінің оқу мақсатына жетті.
« — Табысты мұғалімдер көбінесе сыныпта болып жатқанның біразына, кейде тіпті көпшілігіне мән бермейді. Бұл – кемшілік емес! Бұл – оларға табысты болуға көмектескен үдерістердің нәтижесі. Сынып дегеніміз – кәсіпқойларға қызмет етуге тура келетін барынша күрделі жұмыс жағдайлары: шамамен бір сағатқа жуық уақыт ішінде сабақта жұмыс істеп отырған 30 және одан да көп оқушы үлкен көлемді ақпарат өндіреді. Бұл ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның салдарынан сабақ, жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады. Зерттеушілер мұғалімдердің ақпараттың осы ағынын және оның жылдамдығын қалай игеретінін бақылаған. Рэгг және басқалар анықтағандай, мұғалімдер бірінші үш жылда барлық қиындықтан өтіп, жақсы педагог болып қалыптасады, себебі өздері үшін проблема болып табылатын оқу жағдайын басқарудың жаңа тәсілін тапқанда олар бұл тәсілді осыған ұқсас жағдайларда үнемі қолдануға болатын белгілі бір оңтайлы нысанға айналдырып алады да, реті келген кезде қолданып отырады. Мұғалімдер өз сыныбында автономды түрде «жеке маман» ретінде жұмыс істейтіндіктен, басқа мұғалімдерде әріптесінің «болжамды» білімін тәжірибеде көруге мүмкіндік бола бермейді. Ал мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның жұмысының нәтижелілігі бағаланатын болғандықтан, ол сол баға пен пікірдің үдесінен шығуға тырысып, өзінің «жасырын» білімдерін көрсетуге ұмтылмайды, яғни тәуекелге бармауды жөн көріп, «қауіпсіз» оқытуды көрсетеді. Санасыз субъктілерге қарағанда адамдар көп көлемді ақпаратты «сүзгіден» өткізу арқылы игереді. Сыныпта да дәл солай: қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей, белгілі бір сәтте болған маңызды нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған ақпаратты лезде меңгеріп, бірден өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі жылдам сабақ жағдайында біз басымдық берген басқа да маңызды нәрселерді өңдеу үшін жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді. Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.» — дейді бастауыш сынып мұғалімі Базарбаева Дариға.
Зерттеу сабағын Кентау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.А.Мақұлбекова, қаладағы барлық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері, сонымен қатар мектептің зерттеу тобының мүшелері. педагогтар бақылады. Сабақтың барысын зерттеу тобының бақылаушылары берілген критерийлер бойынша сабақтағы іс-әрекетті зерделеп, сабақ соңында талдау жұмыстарын жасап, қорытындыларын шығарды. Сабақты зерттеуде мұғалімдер өзара білім мен тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға септігін тигізді. Мұғалімдер өздерінің тәжірибесіндегі зерттеу тәсілдерін ортаға салып тәжірибе алмасты.
« — Lesson Study-ді бастамас бұрын топ мүшелеріне өздері енгізіп жатқан оқыту әдісінің негіздеріне қатысты қандай жұмыс атқарғанын, ол туралы не білгенін, нені пысықтағанын әріптестеріне көрсетуге мүмкіндік беру қажет. Мұғалімдер өздерінің істеген істері туралы пікірлерімен басқалармен бөлісетінін алдын-ала білсе, олар мұны бүкіл үдеріс бойында естерінде ұстайтын болады. Бұл Lesson Study тобына өз пікірлері мен ойларын әріптестері алдағы уақытта оны пайдалана алатындай етіп нақты баяндауға мүмкіндік береді. Lesson Study қысқа бейнежазбалары мен PowerPoint таныстырылымына салынған фотосуреттері – сабақты өткізу барысын көрсетіп, тәжірибені қорытудың танымал тәсілі. Топ дайындаған, бейімдеген немесе жетілдірген педагогикалық әдістемені толық ұғынуға көмектесу мақсатында басқа мұғалімдермен жұмыс істеу мүмкіндігін ұйымдастыруға болады. Тәжірибені нақты тұжырымдау, түсіндіру және көрсету: 1. әріптестерінің тәжірибесіне сүйеніп өз тәжірибесін жетілдіруде көмектесетінін; 2. түсіндіру мен коучинг жүргізіп отырған маманның жұмыс тиімділігін арттыратынын естен шығармаған абзал. Себебі Lesson Study кезінде мұғалімдер әдетте пайдаланғанымен, ол туралы ешқашан айтпайтын тәжірибедегі жасырын білімін ашық көрсетеді. Басқаларға түсіндіру арқылы мұғалімдер өз білімдері туралы көп білуге, сөйтіп білімдерін одан әрі жетілдіруге мол мүмкіндік алады. Мұғалімдер бөлмесінде «оқыту қабырғасын» ұйымдастырып, ол жерде Lesson Study тобы өз жұмыстарын, фотосуреттерін, бақылауларын, оқушылар сауалнамалары мен пікірталас нәтижелерін, бастапқы болжамдарын ұсына алады. Бұл ресми таныстырғаннан кейін де мұғалімдер бөлмесінде осы мәселе төңірегінде ұзақ уақыт бойы талқы жүргізуге ықпал етеді.» — дейді Кентау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.А.Мақұлбекова