Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғыны Халанова Латофат, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін «Математика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша  тамамдаған. Қазіргі таңда Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде орналасқан «Дарын kz» орта білім беру мекемесінде математика пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. Жас маман аталған білім ордасына «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында келген. Бүгінде бастауыш сыныптың оқушыларына білім беріп жүр. Математика пәнінің мұғалімі өз дәрістерін заман талабына сай және жаңа әдістермен өткізуді қолға алған. Мұндай тәсілдер шәкірттерінің де қызығушылығын арттыра түскен екен.

« — Есеп шығарудың түрлі тәсілері және логикалық ойындар оқушылардың қызығушылығын арттыра түседі. Кез келген жағдайда тәрибиелеп отырған шәкірттердің көңілін аулап, олардың мұғаліммен бірге шаттана білуі біз үшін үлкен қуаныш. Мен үшін де шәкірт тәрбиелеп, онымен мақтана білу басты мақсатым. Жоғарғы оқуымды аяқтаған соң, осындай мүмкіндік берген мемлекеттік бағдарламалардың барына қуанамын. Жас мамандар үшін елімізде мүмкіндіктер өте көп. Адам өзі еңбектен қашпауы керек деп есептеймін. Сондай-ақ, өзіңіз армандаған, қалаған мамандықты таңдау – бұл сіздің жарқын болашағыңыз. Қазіргі таңда елімізде білім алу үшін  барлық жағдайға  жол  ашық. Міне  сол  білімді саналы  түрде игере отырып, Отанымыздың  бір тетігіне  сапалы  маман  болып  қалану -біздің  басты  парызымыз. Жалпы мамандық дегеніміз — адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандықтың  бәрі  жақсы. Мамандық таңдау — өте жауапкершілікті қажет ететін маңызды іс және адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, жүрегінің қалауына сүйену керек. Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді.  Қазіргі таңда мамандықтың түрі өте көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы — адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі болып табылады. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек.» — дейді Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғыны Халанова Латофат

Айта кетейік, Сауран ауданында «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа орналасып, өз тәжірибесін арттырып жүрген жастардың қатары артып келеді. Жалпы «Жастар практикасы» — меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы бес жыл ішінде оқушының аяқтаған және отыз бес жастан аспаған жұмыссыздарға арналған жобалардың бірі.

Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы он екі айдан аспайды.Ал, жалақының бір айдағы мөлшері 30 АЕК құрайды. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздардың жеке басты куәландыратын құжаты. Еңбек қызметін растайтын құжаттары (бар болса). Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжаты болуы керек. Айта кетейік, жастар практикасынан өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне есептеледі. Бұл оның одан әрі тұрақты жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндіктер береді.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*