Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстанхалқына Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшылығының күшейіп бара жатқанын ескере отырып, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керегіне тағыда тоқталды. Ол еліміздің болашағының қамы үшінсалынатын атом электр стансасы туралы барынша байыптышешім қабылдау жұртшылықпен бірлесіп қана жасалуғатиіс деген ұстанымын қайыра еске салды. Туындап отырғантығырықтан шығу үшін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаеваталған тағдыршешті мәселені референдум арқылыхалықпен ақылдасу туралы өз ұстанымын білдірді. Өйткеніелімізде атом электр стансасын салудың маңыздылығы мен оның объективтік қажеттілігін Президенттің энергетикалыққауіпсіздікті мемлекеттік қауіпсіздік мəселесі депқарастыруы көрсетіп отыр. Расында да, қазір атом энергетикасын дамыту ерекше маңызды экономикалық жәнесаяси аспектіге айналды.
Еліміздегі энергетикалық ахуалды таразылаған Мемлекет басшысы таяу болашақта еліміз электр энергиясының тапшылығын айтарлықтай сезінуі мүмкін екенін айтты. Ол халқымыздың тұрмысына кері әсер ететін болады. Проблеманы шешудің бір жолы атом энегетикасы екендігін ұмытпауымыз қажет.
Қ.Елеуов, қоғамдық кеңесінің мүшесі