23-маусым Қазақстан полициясы күні. Мереке қарсаңында Жетісай аудандық полиция бөлімінде ашық есік күні аясында жасөспірімдерге экскурсия ұйымдастырылды. Жазғы демалыста жүрген оқушыларға құқық қорғау саласының тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік берілді. Ең алдымен балаларды жылы жүзбен қарсы алған тәрбие және кадр жұмысы тобының аға инспекторы Өскенбай  Болатұлы. Ол жасөспірімдерге полиция бөлімінің жұмысымен, қызмет бағыттарымен және бөлімде жұмыс істейтін мамандармен жан-жақты таныстырып, қызықты мәліметтер ұсынды.  Бұл іс-шараның мақсаты келешек ұрпақтың санасына әділеттілік пен адалдықты сіңіре отырып, құқық бұзушылықтардан аулақ болуға шақыру және «нөлдік төзімділік» саясатын, «Заң және тәртіп» топтастырылған нарративті, «Қауіпсіз қоғам» жобасын, құқық қорғау және арнайы органдарға деген сенімді арттыру, қоғамды кез келген заң және тәртіп бұзушылыққа қарсы қалыптастыру болып табылады.

 « – Біздің Жетісай аудандық полиция бөлімінде штат бойынша 218 қызметкер, ерікті Жетісай жалдамалы құрам, атестатталған 211 жеке құрам жұмыс атқарады. Осы 211 жеке ішінде 65 учаскелік полиция қызметкерлері бар. Тергеу саласында 10 қызметкер, креминалдық полиция қызмет саласында 10 қызметкер және тағы да басқа салалар бойынша тәртіп сақшылары өз жұмыстарын атқаруда. Жетісай ауданының қоғамдық қауіпсіздігін,  тынштығын сақтауға 48 арнайы автокөлік берілген. Полиция қызметінің ерекшелігі нақты жұмыс уақытымен шектелмейді. Тәртіп сақшылары керек кезінде тәулік бойы да қызмет атқарады. Біз үшін күн мен түннің, мерекелік күндер мен демалыстың айырмашылығы жоқ. Қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтап дер кезінде әрекет ету күнделікті жұмысымыздың негізі. Бөлімімізде кезекшілік тәртіп толық сақталған, әр қызметкердің өз бағыты мен міндеті бар. Олар нақты жоспарларға сәйкес жұмыс атқарады.» – деді Жетісай аудандық полиция бөлімінің тәрбие және кадр жұмысы тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Өскенбай  Болатұлы.

Экскурсия барысында ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі уақытша ұстау изоляторына бару болды. Бұл қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасады деген азаматтар уақытша қамауға алынатын арнайы бөлім. Жетісай аудандық полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ерік Өсербаев балаларға изолятордың ішкі тәртібімен, қауіпсіздік шараларымен және ондағы бақылау жүйелерімен таныстырды.

«-Уақытша ұстау изоляторында қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты ішінде күдіктілер немесе қамауда отырған азаматтар жоқ. Алайда жұмыстардың аяқталуына аз уақыт қалды. Бүгін жасөспірімдерге қандай мекеме ішіндегі барлық талаптар мен ережелер таныстырылып, бұл изолятордың кімдерге арналғаны бойынша ақпараттар берілді. Уақытша ұстау изоляторының алаңына келген балаларға күдікті тұлғаны қалай ораналастыру, киімдерін толық тексеру процесі, күдіктілердің жеке заттары қойылатын арнайы қойма, заң жүзінде жеке тінту жүргізілетіні және қандай орындарға жайғасатынын көрсеттік. Күніне 2 сағат серуен алаңына шығатынын айттық. Егер азаматтардың ішінде біреулері науқастанып қалған жаңдайда емдеу бөліміне жеткізілетінін және медициналық көмектер көрсетілетінін де айттық. Жұқпалы ауру немесе басқада дерттері бар адамдар болуы мүмкін. Ол жағдайды кейде жеке азаматтардың өздері де білмеуі мүмкін. Ондай анықталған жағдайда немесе алғашқы келген кезінде олар арнайы карантиндік бөлмеге жайғастырылады. Яғни басқа күдіктілермен бірге отырмайды. Карантиндік орында үш тәулік болады. Әр жағдайда әр түрлі шешімдер болуы мүмкін, біреулері үй қамаққа жіберіледі. Біреулері Шымкент қаласындағы ТИ-69 мекемесіне арнайы этаппен жіберіледі. Бұл жерге бізге тек тергеудің қаулысымен немесе соттың қаулысымен ғана қамауда ұстап отырамыз.» – деді, Жетісай аудандық полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ерік Өсербаев.

Аралау барысында жасөспірімдер өздерін қызықтырған сауалдарға жауаптарын алды. Олар мекемеде полиция қызметкерлеріне қандайда бір қауіп төнбес үшін қолданылатынын шаралар және ішкі тәртіп жайында сұрады. Уақытша ұстау изоляторы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ерік Өсербаев мекемеде кезекші полицейлер бар екендігін және барлығы бейнебақылаумен қамтамасыз етілгенін, поста тұратын тәртіп сақшылары арнайы қорған жабдықтарымен, қорғану үшін қолданылатын көзді ашытқыш газбен  қамтылғанын атап өтті. Сондай-ақ, күдікті тәртіп сақшысына қауіп төндірген жағдайда қосымша дабыл батырмалары бар екенін айтты.

Полицейлер бұл бөлімшені көрсету арқылы жасөспірімдерге қылмыстың салдарын және заң алдындағы жауапкершілікті тереңірек түсіндірді. Бұл тәрбиелік маңызы зор іс-шара. Сондай-ақ, балаларға жедел криминалистикалық тобының жұмыс барысы көрсетілді.

« – Бұл жедел криминалистикалық тобына жеткізілген азаматтардан қол ізін алу заманауи құрылғылармен жүзеге асырылады. Бұрынғыдай бояу арқылы емес, сканерленген түрде алынады. Адамдардың жеке мәліметтерін, осы құрылғының көмегімен қорға енгіземіз. Қол іздерін алып болған соң, олардың түр бейнесін базаға енгізу мақсатында  суретке түсіреміз. Айта кетейік, барлық азаматтардың қол іздері бір біріне ұқсамайды. Қол іздерінің 17 түрлі белгілері бар. Әлемдегі 5 млрд. адамдардың да қол ізі бір біріне сәйкес келмейді. Қылмыскерді анықтау жолында криминалистикалық топтың маңыздылығы өте жоғары. Оқиға орнына шыққан кезде криминалистің қолданатын барлық жабдықтары бізде толық қамтамасыз етілген. Яғни, арнайы қобдишада айғақ заттарды алуға, анықтауға көмек беретін құрылғылар болады.» – деді мамандар.

Оқушылар бұл жұмыстарға да өте қатты қызығушылық танытты. Сонымен қатар, арнайы жабдықтармен жақынырақ танысып, қолдану тәсілдерін де түсінді. Бастысы бұл күні полиция қызметкерлерімен ашық сұқбаттар жүргізілді. Көпшілігі экскурсиядан ерекше әсер алғанын айтты. Жасөспірімдер аралау барысында қару жарақтармен де танысты. Олардың қолдану тәртібі мен қызмет барысындағы маңызы жайында айтылды.

« – Мен бүгін полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысып ерекше әсер алдым. Себебі, тәртіп сақшыларының жұмысы жеңіл емес екен. Әр оқиғада сол ортадан табылатын құқық қорғаушылар қоғамдық тәртіпті қалыптастыру жолында еңбек етуде. Қылмыспен күресу үшін батылдық керек. Біз бүгін аралау барысында осыны түсіндік. Сондай-ақ, қару жарақтарды жақыннан көріп, оны қолданудың ережелерімен таныстық. Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттар алдық және оны қалай хабарлауды білдік.» – деді, оқушы Саят Аманбаев.

« – Аралау барысында бізге барлық қауіпсіздік ережелерін  сақтау бойынша шағын сабақтар өткізілді. Полицейлер бізге үйде, көшеде және мектепте өзімізді қалай тәрбиелі етіп ұстау керектігін және құқық бұзушылықтардан аулық болуды түсіндірді. Бұл ақпараттар біз үшін өте пайдалы болды. Экскурсияда тәртіп сақшыларының қоғамдағы рөлін, қаншалықты маңызды екенін білдік. Мұнда келген достарым, сыныптастарым полиция болғысы келетіндерін айтып жатыр. Менде болашақта азаматтарға көмек беретін полиция болғым келеді.» – деді, оқушы Еділ Сұлтанхан.

Міне,  осылайша жасөспірімдер полиция қызметінің маңызды әрі жауапты екенін өз көздерімен көріп, түсінді. Олар өз армандарына жету үшін білім алып, тәртіпті болатындарын айтты.

« – Бізді полиция қызметкерлері жылы қарсы алды. Олар бізге полиция бөліміндегі ішкі қызметті, күнделікті атқарып жатқан жұмыстарын көрсетті. Қылмыстар нақты қалай ашылатынын және жедел қоңыраулар қалай жүзеге асырылатынын білдік. Тәртіп сақшыларының арнайы құрылғыларын да көрдік. Маған бүгінгі аралау қатты ұнады.» – деді, оқушы Әбдінұр Алихан.

Полиция бөліміндегі ашық есік күні балалар үшін пайдалы, әрі есте қаларлық тәжірбие болды. Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттырып, келешек ұрпақты әділдік пен адалдыққа тәрбиелеуге, тәртіпке деген құрметті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Полиция қоғам тыныштығының тірегі. Бұл күні полиция қызметкерлеріне оқушылар да алғыстарын жеткізді. Себебі олар тәртіп сақшыларының маңызды жұмыспен айналысатындарын ұғынды. Ерекше мамандық иелеріне деген қызығушылықтары да артып, оларға деген көзқарастары да өзгерді. Шараның мақсаты да жасөспірімдерді отансүйгіштікке, жауапкершілікке, тәртіпке үндеу болатын.

«-Полиция қызметі үлкен жауапкершілікті талап ететін сала. Біз қоғамның тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін күн, түн демей еңбек етеміз, қызмет етеміз. Бұл оңай міндет емес. Алайда отан алдындағы парызымыз болғандықтан абыроймен атқаруға тырысамыз. Полиция қызметкерлерінің әр күні ел алдындағы адал еңбектің көрінісі дегім келеді. Полиция күні тек біз үшін ғана емес, халқымыз үшін де маңызды мереке болып есептеледі. Себебі қауіпсіз қоғам тұрақты даму мен бақытты өмірдің кепілі. Осы мереке қарсаңында әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтағым келеді. Әр шаңырақта тек тыныштық пен татулық болсын деп тілеймін.» – деді, Жетісай аудандық полиция бөлімінің штаб тобының аға инспекторы, полиция капитаны Эльмира Бақытқызы.

Тәртіп сақшыларының әрбір әрекеті өскелең ұрпаққа өнеге, үлгі. Қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы қажырлы еңбектері қанашда құрметке лайық.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*