Волонтерлік жұмысқа қатысыңыз!

Жазғы лагерьлердің жұмысына атсалысыңыз!
Педагогикалық қызмет туралы жарияланымы бар интернет бетін, әлеуметтік желіде парақшаларын жүргізіңіз (авторлық ғылыми жобалар, сабақтар, семинарлар)!

Жоғарыдағы критерийлер бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі жоқ кандидаттың бағалау парағына 1 балдан 3 балға дейін қосылады, егер растайтын құжаты болған жағдайда.

Осындай және басқа да өзгерістермен министрліктің 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығы жаңартылғанын хабарлаймыз.

Мектепке алғаш кірген жас педагогке 1 оқу жылы кезеңіне тәлімгер бекітіледі.

Тәлімгердің кандидатурасы педагогикалық кеңесте қаралады және педагог жұмысқа қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

Бір педагогке – бір тәлімгер бекітіледі!
Тәлімгердің біліктілік санаты “педагог-зерттеуші” не “педагог-шебер” болуы тиіс.

Толығырақ министрліктің 24.04.2020 ж. №160 бұйрығында көрсетілген.

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*