Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Қырықбаев Темір Базарбайұлы Түркістан облысындағы іс-сапар барысында Келес ауданының шаруаларымен кездесіп, олардың тыныс-тіршіліктерімен танысты.
Алдымен «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында 2,5%-бен 5 млн теңге несие алып, өз үйінде жылқы бордақылау шаруашылығын жүргізіп отырған Ошақты ауылдық округі С.Саттаров ауылындағы «Г.Аринова» шаруа қожалығында болды.
Шаруашылықта үш азамат жұмыспен қамтылған, бірінші бордақыланған жылқылардың етін облыс тұрғындарының сұранысы негізінде саудалап, қазіргі таңда жылқылардың екінші легін бордақылауға кіріскен. Бордақыланған жылқы етіне сұраныс көп.
Ауылшаруашылық техниканы лизинг арқылы алып, субсидиясы өткен жылдың соңында есеп-шотына түскен. Былтырғы жылы өз егістік жеріне жылқыларға азық өндіру мақсатында жүгері егіп, жеп-шөп дайындап алған.
 Одан кейін Мәжіліс депутатының сапары Біртілек ауылдық округі Димитров елді мекеніндегі “Нұржан” шаруа қожалығының жалпы жер көлемі 2,9 га болатын жылыжайдың тыныс-тіршілігімен танысумен жалғасты. Шаруашылықтың 100,0 млн. тг өз қаражаты есебінен салынған жылыжайында 40 азамат жұмыспен қамтылып, жаңадан «Келес» атауымен болгар бұрышы өнімі, сондай-ақ қияр, қызанақ, асқабақ, т.б көкөніс түрлерін өндіруді қолға алған.
Бұл жерде шаруалардың көтерген өзекті мәселесі жылыжайларды жылытуға қатты отынға берілетін субсидия жылыжай көлеміне емес, жылыжай ішіндегі егістік көлеміне төленеді. Қатты отын шығыны жалпы жылыжайды жылытуға кететінін ескеріп, субсидияны жылыжай көлеміне төлеу қажеттігін айтты.
Шаруа қожалықтарымен танысу барысында облыстық мәслихат депутаты Ағабеков Жаңабай Молдабайұлы, Келес ауданы әкімінің орынбасары С.Джылқыбаев, партия филиалының төрағасы Ахмет Жұмабеков, мәслихат төрағасы Нұржан Шаулиев, мәслихаттағы фракция жетекшісі Нұрхан Мережепов, аудандық мәслихат депутаттары Н.Мұратов, Д.Алимбаев, М.Қожағұлов және бөлім басшылары тұрғындар көтерген мәселелерді талқылап, алдағы уақытта шешімін табу жолдары назарға алынатын болды.
Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*