2023 жылы Түркістан облысында жұмыспен қамту саласы 4 негізгі стратегиялық бағыт бойынша жүргізілуде. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Өңірдің жұмыспен қамту картасын» бекіту, Үкіметтің қаулысы негізінде «Еңбек» бағытының іске асырылуы, Түркістан облысының даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өз ісін ашу, Мемлекет басшысының «2050 жылдарға дейінгі даму стратегиясы» бойынша цифрландыруды тереңдету іске асырылады.  Биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 109,7 мың жаңа жұмыс орынын ашу жоспары ұсынылып, Түркістан облысы әкімінің бекітуімен облыстың жұмыспен қамту картасы нақтыланған. Оның ішінде 72,4 мыңы тұрақты болса,   37,4 мыңы – уақытша жұмыс орындары. Биылдан бастап 35 жасқа толмаған азаматарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген қайтарымды шағын несие беру жүзеге асырылуда. Ал әлеуметтік жұмыс орны, қоғамдық жұмыс, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Күміс жас» жобалары жалпы «Еңбек» бағыты аясында 32,9 мың адамды субсидияланған жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бюджет есебінен 35,6 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Бүгінде, «Күміс жас» бағдарламасы зейнет жасына таяған азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр. Аталған жоба өткен жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында іске қосылған болатын. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жоба аясында былтыр 3080 адам жұмысқа орналасқан.  Оның 516-сы – түркістандық. Яғни, Түркістан облысы ең көп жұмыспен қамтылғандар қатарына енгізілген. Ал, өңірде биыл «Күміс жас» жобасы арқылы 1656 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Аталған бағдарлама бойынша тұрақты қызметке орналасқандардың бірі, Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Құлназаров Нұржан Орынбайұлы. Ол 2022 жылдың 21- ші шілдесі күні “Күміс Жас” бағдарламасымен жұмыссыздыққа тіркеліп,  “Мыңбұлақ“ шаруа қожалығына Биогумус өнімдерін өндіру бойынша аграном болып жұмысқа жолданған болатын. Ал, 2023 жылдың 21 шілесінде аталған мекемеге тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді.

 

– Соңғы жылдары белгілі бір себептермен жұмыссыз қалып қойдым. Осындай бағдарлама бар екенін естіген соң, қатысып көруді жөн санадым. Түлкібас ауданындағы мамандардың нұсқауымен  жұмысқа қабылдандым. Жұмыс қиын емес, өте ыңғайлы, өзіме ұнайды. Бастысы еңбек ете білу керек.  Еңбектенбей, өзгелерден көмек күтетін адамдарға айтарым, мемлекет осындай игі  бағдарламаларды шығарып жатқан кезде мүмкіндіктерді пайдалану керек. «Күміс жас» жобасының елге берер пайдасы мол деп білемін. Жұмыссыз жүрген замандастарыма осы бағдарламаға қатысуға кеңес берер едім. – дейді «Күміс жас» жобасының қатысушысы Нұржан Орынбайұлы.
Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағидаларға бірқатар өзгеріс енгізіліп, жобаға 50 жасқа толған азаматтар қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толмаған адам кемінде 1 жыл мерзімге жұмыспен қамтылса, 58 жастан асқандарға зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыс беруші айлық мөлшерінің 30%-ын, ал қалғанын мемлекет тарапы төлеп отырады.
Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*