Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев және аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында 102 жастағы жауынгер Жұмағұлов Рысмет ақсақалдың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың Төлеби ауданындағы жалғыз куәгері 102 жастағы Рысмет Жұмағұлов Леңгір қаласында дүниеге келген. Қара жұмысқа ерте араласып, Георгиевка ұжымшарында еңбек еткен. Қан майданға 1942-1943 жылдары қатысып, Сталинградты қорғаушылар қатарында болған. Ал 1945-1974 жылдар аралығында күзет бөлімінде қарауыл және қосалқы шаруашылықта жұмысшы болған. Фосфор зауытында зейнеткерлікке шыққанша еңбек еткен Рысмет Жұмағұлов «Отан соғысы» орденімен, «Г.К.Жуков» мерекелік медалімен марапатталған. Рысмет қарияның замандасы 101 жастағы Немет Абдрасилов 1-гвардиялық артиллериялық дивизия құрамында нысанашы, зеңбірек командирі болды. Сталинград, Курск, Украина, Белоруссия, Польша қалаларын азат етуге қатысқан. Рейхстагқа шабуыл жасау кезіндегі ерлігі мен батырлығы үшін ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Сондай-ақ ол «Қызыл Жұлдыз», І дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және басқа да 24 медальмен марапатталған. Соғыс аяқталған соң Түркістан қалалық милициясында және Түркістан қаласының автобазасында жүргізуші болып жұмыс істеді. Ардагер 5 ұл, 1 қыз, 20 немере мен 18 шөбере тәрбиелеп өсірді.
Жалпы, облыста 4438 ардагерге Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 175,5 млн теңге бөлінген. Соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден үлестірілсе, 4400-ден астам тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне және басқа да санаттардағы ардагерлерге қаржылай көмек қарастырылған. Түркістан облысынан Екінші дүниежүзілік соғысқа 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралған. Биылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша 4438 адам соғыс ардагерлері мен оған теңестірілгендер есебінде. Оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыстың 14 ардагері бар.
«Сол бір зұлмат жылдарды бастан кешкен алдыңғы аға буын өкілдерінің төзімділігі мен ержүректілігі бүгінгі және келешек ұрпақ санасында нағыз адамгершіліктің, отансүйгіштіктің үлгісіндей болып қала бермек. Тарих еншісінде қалған соғыстың сұрапыл жылдары енді қайталанбасын деп тілеп, сондағы айбарлы аға-әпкелеріміздің жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрметпен бас иеміз,» – деді Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев.
Ел ертеңі үшін күрескен қарияның шаңырағына арнайы барған аудан басшысы отан үшін оқ пен от кешкен Жеңіс солдатының естелік әңгімелерін тыңдап, ауданның жаңалығын, ел жайын әңгімелеп, сый-құрмет көрсетті. Қан майданда ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына бас иіп, құран бағышталды. Ақсақал келген қонақтарға ақ батасын берді.
Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*