«AMANAT» партиясының облыстық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары бойынша кезекті брифинг өтті. Брифингте Түркістан қаласы бойынша сайланған облыстық мәслихат депутаттары Инара Намазбаева мен Сүлеймен Арыстанов және Сайрам ауданы бойынша сайланған мандат иелері Нұржан Жамалбеков пен Сайдирасулхан Ералиев БАҚ өкілдеріне сайлауалды бағарламалардың орындалу барысы төңірегінде де айтап өтті. Халық қалаулысы Арыстан Сүлейменов сайлауалды бағдарламаның орындалуы мен Жол картасы төңірегінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңда тұрғындармен кездесулердің тұрақты түрде кестеге сай өткізіліп жатқандығын атап өткен Арыстан Тұрсымбайұлы халықтың өтініштерінің басым бөлігі ауыз су, облыс орталығындағы қоғамдық көліктер, жаяу жүргінші жолдарының дұрысталуы екенін жеткізді. Мандат иесі 5 айдың көлемінде 4 депутаттық сауал жолдап, оның 2-уіне жауап алған. Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалымен бірлесе отырып 2 қоғамдық қабылдау ұйымдастырған.

 

 

Облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева депутаттарға жүктелген жауапкершілікті сезініп, халықпен тығыз жұмыс жасап жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар, өзінің Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы екенін, бірнеше қоғамдық қабылдау өткізгенін, онда негізінен көпбалалы аналардың мәселелері тыңдалғанын жеткізді. Бірі жұмысқа тұруына көмек беруін өтінсе, енді бірі қаржылай қолдау сұраған. 2,5 пайыздық қайтарымсыз несие қызықтырғандар да бар. Мандат иесі қабылдауға келген азаматтардың барлығы да өз деңгейінде жауап алып кеткенін атап өтті.

 

 

Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына бір мандаттық сайлау жүйесі бойынша Сайрам ауданынан түсіп, халық қалаулысы атанған Нұржан Жамалбеков мандат иесінің ең алдымен халықтың қызметшісі екенін, ел арасында болып, олардың өзекті мәселелерін зерделеп, нақты шешілу жолдарын қарастыруға ықпал ететінін айтып өтті. Осы орайда Нұржан Шәріпбекұлы депутат ретінде Сайрам ауданында 7 рет қоғамдық қабылдау өткізіп, жалпы 47 азаматтың талап-тілегін тыңдаған. Қабылдау нәтижелерімен 14 депутаттық сауал жолдаған. Соның бірі —Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда айтылған өзекті мәселе. Ауыл тұрғындары Сайрам ауданы аумағы арқылы өттетін республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» автомобиль жолының бойындағы Жібек жолы елді мекенінің тұсына жер асты мал өткелін салып беру мәселесін көтеріп, көмек сұраған. Депутат осынау мәселенің маңыздылығын ескеріп, аталған жәйтті оңтайлы шешіп беру үшін ҚР индустрия және даму министірлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасынана хат жолдаған. Бүгінде жауап күтіліп отыр. Брифингте сол сияқты өзге де депутаттық сауалдар, оның орындалу барысы төңірегінде сөз болды. Одан бөлек, «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек, «Ауыл аманаты», «Халықпен бірге» бағдарламаларының ел ішінде белсенді жүргізілуіне атсалысып жатқанын жеткізді.

 

 

 

Сайдирасулхан Ералиев елді мекендерде негізінен инфрақұрылым мәселесінің өзекті екенін, ең алдымен осы жәйттерді шешіп алуға атсалысып отырғанын атап өтті. Брифинг барысында БАҚ өкілдері халық қалаулыларына өздері сайланған аймақтары бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауап алды.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*