Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Балабиев Қайрат Рахымұлы “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Таштеев Сұлтанхан Батырханұлы, Түркістан қалалық “Ақсақалдар алқасы” ардагерлер ұйымының төрағасы Әзіретбергенов Жарылқасын және “Станция Түркістан” БПҰ төрағасы Сырлыбеков Қадыр қатысты. Қала тұрғындары кездесу барысында әлеуметтік, экономикалық, білім беру, денсаулық, тұрғын үй және рухани мәселелерді алға тарта отырып, қаламыздағы қордаланған өзекті мәселелерді шешуге ықпал жасауды өтінді. Кездесуге қатысқан қала тұрғындары Қайрат Рахымұлына қоғамдық көліктерді көбейту, әйелдердің зейнет жасын қысқарту, қаламыздағы өнеркәсіп орындарын көбейту және облыстық деңгейдегі денсаулық және білім беру салаларын қайта қалалық деңгейге ауыстыру жайында өз ұсыныстарын жеткізді.

Кездесуде көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізген ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Балабиев Қайрат Рахымұлы мәслелерді шешуге оң ықпал жасайтындығын мәлімдеді.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*