«Атабұлақ» спорттық туристік нысан жанынан жазғы спорттық трамплин құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Еркін стильдегі спорт түрінің трамплині республика бойынша 6 облыста ғана бар. Аудандар арасында алғаш рет Түлкібаста Пістелі елді-мекенінде салынып жатыр.
-Жалпы, бұл спорт түрімен аудан жастары әлі таныс емес. Өйткені, біздің түскей өңірде қар жату мерзімі қысқа болғандықтан бұл спорт түрімен шұғылданатындар қатары да, қызығатындар қатары да сирек. Дегенмен, Шымкент қаласында орналасқан 8 спорт мектебінде фристайл спорт түрі, Қазақстан бойынша 6 облыста бұл спорт түрімен шұғылданатын спортшылар бар. Әр мектепте шамамен 120-150 бала осы бағытпен айналысады. Түлкібастың төрінен салынып жатқан трамплиннің аналогы жоқ. Көктемде спортшыларға арнап үлкен спорт зал салынды. Онда барлық құрал жабдықтар қойылған. Жазғы трамплингке қызығушы жастар болса мамандандырылған мектептегі спортшыларды шақырып, ауыл жастарын шақырып алғашқы уақыттарда арнайы жиындар өткізуге мүмкіндік береміз, деді кәсіпкер Тимур Нарымбетов.
Ауыл тұрғындары да аталған жобаның керемет бастама екенін айтуда. Себебі, Түлкібаста алғаш рет салынып жатқан жазғы спорттық трамплин халықты салауатты өмір салтын ұстануға және жастар арасында спортты насихаттауға септігін тигізеді.
Айта кетейік, соңғы жылдары Түлкібастық кәсіпкерлер жергілікті тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандар мен ел игілігіне қызмет жасайтын нысандарды салып, азаматтарды жұмыспен қамтуға да өз үлестерін тигізіп жатыр. Тимур Нарымбетов те туған жерінде еңбек етіп, бизнесін өркендетіп келеді. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта жаңа бастамасын іске асырып, аудандағы алғашқы жаңа нысанды іске қоспақ.
Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*