Биыл Түлкібас ауданында «Әлеуметтік жұмыс» орындарына 203 азамат , «Жастар практикасына» 115 азамат , ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 43 азамат жолданған. Сонымен қатар, «Күміс жас» жобасына 71 азамат , «Ақылы қоғамдық» жұмысқа 821 азамат жолданса,  тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 741 адамға жетіп отыр.
Аталған мемлекеттік бағдарламалар аясында, жұмысқа орналасып, еңбек етіп жүгендердің бірі — Түлкібас кентінің тұрғыны Өмерсерік Жанна Ерімбетқызы. Ол, ағымдағы жылы “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасымен жұмыссыздыққа тіркелген.
Тиісінше, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуды, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа кәсіптік оқытуды ұйымдастырып,  жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына орналасуға жәрдем беретін орталық арқылы ЖК“Жарылгасова“ әсемдік салонына касметолог болып жұмысқа жолданған.  Қазіргі таңда, Өмерсерік Жанна тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді.
— «Мен Түлкібас ауданындағы Түлкібас кентінің тұрғынымын. Биыл өзіме жұмыс іздеп, жұмыссыздарды тіркейтін орталыққа бардым. Мекемедегі қызметкерлерге жағдайымды айтып, олардан тиісті кеңес алдым. Осылайша, «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасының бар екенін біліп, толық ақпарат алдым және жұмысқа орналасуға мүмкіндік барын білдім. Сосын, орталықтың мамандары маған қолдау білдіріп,  менің  «Жарылгасова» жеке кәсіпкерлігінің әсемдік салонына жұмысқа орналасуыма жәрдемдесті. Мұнда келгенімде, жұмыс беруші кәсіпкер азаматтарда демеу білдіріп, тәжірбиемді шыңдауға, өзім қалаған жұмысты атқаруыма мүмкіндік жасады. Жалпы, ауданда жұмыс іздеген тұрғындарға жұмыс табылады. Тек, еңбек ете білу қажет деп ойлаймын. Маған, жасап жатқан жұмысым ұнайды» — дейді Жанна Ерімбетқызы.
Айта кетейік, жас мамандар жоғарғы оқу орындарын немесе колледжді бітіргеннен кейін бірден жұмыс таба алмай жүріп қалатыны белгілі. Өйткені, жұмыс берушілер көбіне тәжірибесі бар кадрларды жұмысқа алу бағытына басымдық береді. Осы орайда, оқу орны түлектерін қолдау мақсатында «2021 — 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жас мамандарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету және жәрдемдесу бойынша нақты іс-шаралары жүзеге асырылуда. Яғни, «Алғашқы жұмыс орны»  жобасы жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыс беруші «Мансап» орталығымен келісім негізінде, Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, ал мемлекет тарапынан жұмысшының жалақысы 1 жыл субсидияланады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді, сонымен қатар экологиялық төлемдерді қоспағанда 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

«2021 — 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында  білім беру ұйымдарының түлектеріне алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға және жұмысқа орналасуына септігін тигізетін жобалардың тағы бірі — Жастар практикасы.  Бұл бағытта Түлкібас ауданында жүзден аса азаматтар жұмысқа жолданса, солардың бірі Тажетдинова Қолқанат Майрамқызы. Ағымдағы жылдың 18- ші мамыры күні “Жастар Практикасы” бағдарламасымен жұмыссыз тіркеліп тұрған Түлкібас кентінің тұрғыны Қолқанат Майрамқызы “Ауыл шаруашылығы мен Жер қатынастар бөлімі “ КММ — не жолданған болатын. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда.

« — Мен 2022 жылы М.Әуезов атындағы университетті  биотехнолог мамандығы бойынша тәмамдадым. Қазіргі таңда, жастар практикасымен аудандағы Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастар бөліміне жұмыс жасауға келдім. Жоғарғы оқу орнынан кейін, бұл жоба маған үлкен қуаныш силап отыр. Яғни, алған білімімді жұмыспен, іс жүзінде дәлелдеуге, тәжірбие жинақтауыма  және жастар практикасынан кейін тұрақты жұмысқа орналасуыма мүмкіндіктер арта түсетініне сенімдімін», дейді Қолқанат Тажетдинова

 

Ал, Састөбе кентінің тұрғыны Шымырбаева Әтіркүл Күбейқызы, ағымдағы жылдың ақпан айында “Күміс Жас” бағдарламасымен жұмыссыздыққа тіркеліп, «Нұрлы жол» жеке кәсіпкерлігіне аспазшы болып жұмысқа жолданған.  Қазіргі таңда, өзінің адал қызметімен еңбек ақысын  тауып жүрген Әтіркүл Шымырбаеваны мекеменің басшылығы да қолдап отыр.

 

— «Бүгінде «Нұрлы Жол» жеке кәсіпкерлігінің  тамақтану орнын дамытып келеміз. Келушілер мен тұтынушылар да күн санап артуда. Сондықтан, Мансап орталығы арқылы «Күміс жас» бағдарламасымен зейнет жасына жақындаған Әтіркүл  Күбейқызын жұмысқа қабылдадық. Ол , аспазшы болып жұмыс жасауда. Өзінің жұмысын өте жақсы атқарады және басқа қызметкерлерге өзінің еңбегі арқылы үлгі болып жүр. Жалпы, аспазшымыздың әзірлеген дәмді тағамдарына келушілер де ризашылығын білдіріп жатады», — дейді кәсіп иесі Ұлжалғас Пернебаева

Сондай-ақ, Түлкібас аудандық «Мансап» орталығының мәліметінше жыл басынан бері ауданда «Жаңа жұмыс» орнына 56 адам жолданған. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша 608 азамат жұмысқа орналасыпты. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант 44 азаматқа берілген.
Солардың бірі — Түлкібас ауданының тұрғыны Ғалия Жайшаева. Ол, ұлттық жоба негізінде “Мемлекеттік қайтарымсыз грант” алып,  қазіргі таңда бизнес жобасына сәйкес “Косметологиялық қызметтер” көрсету арқылы, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Мемлекеттен берілген қаражатқа тиісті құрал-жабдықтар алып, өз бизнесін өркендеткен Ғалия Жайшаева, соңғы жылдары жалпы косметологиялық қызметке жүгінетін адамдардың қатары көбейгенін және бұл бағытта емдік шаралар да атқарылатынын айтады.
Ал, жаңа бизнес идеясын қорғап, мемлекеттің қайтарымсыз қаражатына ие болған көпбалалы ана Махаббат Сапарбекова, бүгінде тігін шеберханасының жұмысын жүргізіп, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр. Тігін шебері жеке тапсырыстарды да қабылдап, табысын еселеуді қолға алған. Жеке кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында заман талабына сай жаңа құрылғыларды сатып алуға мүмкіндік алған.
Бұдан бөлек, Түлкібас ауданында  мүгедектігі бар еңбекке қабілетті 283 адамға әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Оның ішінде 8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 2 азамат жастар практикасына, 2 азамат күміс жас жобасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына, 45 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 190 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына қатысып, 15 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алған және 20 азамат деректер қорындағы бос жұмыс орнына жолданған.
Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*