Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 13-і күні Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІІІ тоқсандағы көшпелі отырысы өтті.
Аталған кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев және кеңес мүшелері, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков, Тасарық ауылдық округі әкімі Б.Алтынбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Б.Смайлхан, Төлеби аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Жакипов, Төлеби аудандық кәсіпкерлерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы А.Жарынбетова, аудандық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.
Күн тәртібінде «Тасарық ауылдық округі тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу» және «Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау» тақырыптары қаралды.
Тасарық ауылдық округі әкімі Б.Алтынбеков 2023 жылы округ бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды. Нақты айтар болсақ, ауыл шаруашылық, денсаулық, білім және спорт, кәсіпкерлік және әлеуметтік салалары бойынша, сонымен қатар ауыз су және ағын су, газ, электр жарығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде және алдағы уақытта жоспарланып, атқарылатын жұмыстары жөнінде айтып өтті.
Төлеби аудандық кәсіпкерлерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы А.Жарынбетова, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлерін және ауданда ауыл шаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмыстарының барысы туралы айтып өтті.
Жиын соңында Тасарық ауылдық округіне қарасты кәсібінен өз нәсібін тауып жүрген бірнеше кәсіпкерлермен кездесті.
Шонов Қалмахан 2018 жылдан бері үй іргелік жерге тамшылатып суғару әдісімен құлпынай егеді. Жидекті өсімдіктердің қатарына жататын құлпынайда адамға қажетті витаминдер, микроэлементтер, минералды тұздар, органикалық қышқылдар және басқа да пайдалы заттар бар, сондықтан оларды алдын алу-емдеу өнімдеріне жатқызады. Жидектер-консерві өнеркәсібі үшін құнды шикізат.
Лебиев Салман 2019 жылдан бері бал арасын асыраумен айналысады. Бал – көп ауруға шипа. Сол сияқты араның шаққаны – ревматизм сияқты ауруларға таптырмайтын ем. Ол гүлдерді тозаңдандырады, ондағы шаң-тозаңды тазалап кетеді, сондықтан да араны «қанатты агротехник» дейді мамандар.
Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*