ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласының әкіміне жаңа терминал құрылысын жеделдетуді тапсырды, — деп хабарлайды Тaq.kz ақпараттық порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Сонымен қатар, Премьер-министр Шымкент әуежайының жағдайы халықаралық мәртебеге сәйкес келмейтінін атап өтті.           «Жаңа терминал салу 2018 жылы тапсырылған болатын. Не себептен әлі күнге дейін пайдалануға берілмей отыр? Қалаға немесе елге келген туристер мен қонақтар ең алдымен әуежайдың жағдайына назар салады. Сол себепті тез арада жаңа терминалды пайдалануға беру керек», — деді Әлихан Смайылов.

Шымкент қаласының әкімі Марат Әйтенов бүгінгі таңда жоба 80 пайыздан аса аяқталғанын, құрылыс 40 мың шаршы метр алып жатқанын айтты. Ал, терминал 2023 жылдың соңында толығымен пайдалануға берілетінін мәлімдеді.

Үкімет басшысы әкімдікке жұмыстардың барлығын мүмкіндігінше тезірек аяқтап, құрылыстың одан әрі созылуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*