“AMANAT” партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты «Қауіпсіз қала» акциясы аясында кәріз құдақшаларының ашық қалу фактілеріне қатысты мониторинг жүргізді.
Акцияның басты мақсаты: бала қауіпсіздігі үшін қала аумағындағы ашық жатқан люктерге, аулалардың жарықтандырылуы, үй жағдайында газ балондарының дұрыс орналасуы, қозғалыс (мектеп жанындағы жаяу жүргінші жолы), су айдындарындағы қауіпсіздік және кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына рейд жұмыстарын жүргізу.
Түркістан қаласы бойынша 250-ден астам люкке тексеріс жүргізіліп, ашық қалған 10 кәріз құдықшасы тіркелді.
Орын алған фактілерге сәйкес жауапты мекемелерге мәселенің шешілуі бойынша ұсыныс хат жолданды.