Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Taq.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша ойынқұмарлық, тек Қазақстанда емес әлемде бар. Ал, Қоневтағы казиноларды көшіру емес, қосымша тағы ойын-сауық секілді абаттандыру, кинотеатр, аквопарк және сауда орталықтарын ашу бойынша талаптар қойылыпты.

«Ойын субъектілері Қонаев және Ақмола облысындағы Щучинск қаласында орналасқан. Казинолар бүгінде жұмыс істеп тұр, оларды көшіру жоспарда жоқ. Ойынқұмарлық деп жатырсыз, ол тек Қазақстанда емес әлемде бар. Біз жұмыс істеп жатқан казиноларға талап қойып жатырмыз. Тек казино ретінде ғана емес жалпы ойын-сауық орындары секілді абаттандыру. Шетелде белгіленген казино бір бөлек, кинотеатры, аквопаркі, басқа да ойын-сауық немесе сауда орталықтарына айналдыруға да болады» , дейді облыс әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, Қонаевтағы казиноларды көшіру жоспарда жоқ. Себебі, ойын бизнесі облыс қазынасына қыруар қаражат түсіреді екен. Яғни, казинолардың салығы 95 млрд теңгеге жуықтайды.

“Бүгінгі таңда оларды ауыстыру жоспарымызда жоқ. Осы ойын бизнесінде 3500-нан астам жұмыс істеп жатыр. Оның төңірегінде жүрген 3000-ға жуық басқа да адамдар бар. Жалпы 7 мыңға жуық адам істейді. Бізде 61 мың халық тұратын болса, оннан бірі осында жұмыс істейді деуге болады. Жыл сайын 80 миллиард пен 95 миллиардтың арасында салық түседі. Бұл – біздің жергілікті бюджетке түсетін үлкен қаражат”, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысының прокуратурасы 305 мемлекеттік қызметкердің құмар ойынға 507 млн теңге жұмсағанын хабарлаған еді. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың 36 қызметкері бар. Ал, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев журналистердің казиноға қатысты қойған сауалына «жабылмайды» деп жауап берді.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*