Словакияда өткен үлкен теннистен ITF Juniors халықаралық турнирінде Қазақстанның намысын қорғаған 14 жастағы Заңғар Нұрланұлы жеңімпаз атанды. Түркістан өңірінің тумасы сайыстың финалында жергілікті спортшы Даниел Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңді.
![](https://taq.kz/wp-content/uploads/2023/01/гггшшшшшш-300x226.jpg)
Ал финалға дейін Словакия, Украина, Германия спортшыларынан басым түскен. Өзінен жасы үлкен спортшыларды да жеңген Заңғардың бұл жетістігін мамандар жоғары бағалап отыр.
4 жасынан бастап теннис ракеткасын қолға ұстаған жас өреннен ел үміт күтеді.
Бөлісу