Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІV тоқсандағы көшпелі отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІV тоқсандағы көшпелі отырысы өтті.
Аталған кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев және кеңес мүшелері, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, Қаратөбе ауылдық округі әкімі Е.Ералиев, Төлеби аудандық білім бөлімінің бас маманы Қ.Смайылова, аудандық кәсіпкерлерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы О.Бектай, Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің инспекторы Б.Сейсенбеков, аудандық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Қаратөбе ауылдық округі тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу;
2. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау;
3. Жастар әскери борышын өтеуге неге құлықсыз тақырыптары қаралды.
Қаратөбе ауылдық округі әкімі Ерік Ералиев округ бойынша 2023 жылдың 9 айында округтің әлеуметтік — экономикалық дамуы үшін атқарған жұмыстары және алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы қысқаша айтып өтті.
Округте 5 елдімекен, 927 үй, 1 181 отбасы, 5 305 халық тұрады.
2023 жылдың 9 айында Қаратөбе ауылдық округі аппаратында Қазақстан Республикасының «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, жеке тұлға бойынша 80 арыз, заңды тұлға бойынша 5 арыз, жеке қабылдауға 5 азамат тіркеліп, олардың барлығы қанағаттандырылды. Өтініш иелеріне уақтылы, дер кезінде жауаптар беріліп, қабылданған шешімге шағым жасау құқықтары түсіндірілді.
Ауылдық округ аумағындағы халыққа қызмет көрсету нысандары -22.
Ондағы кәсіпкерлік нысандар: 16 дүкен, 2 кіші ағаш цехы, 1 токарлық цехы,
2 азамат өз техникаларымен халыққа қызмет көрсетуде. Қаратөбе ауылдық округі Балдыберек өзенінің жағасынан «Балдыберек» демалыс аймағы ұйымдастырылып, онда 6 адам жұмыс істеуде.
Қаратөбе ауылдық округінің жер көлемі — 13952 га, оның ішінде жайылымдық жері 7 062 га, егістік жер 5 890,0 га (оның ішінде суармалы жер 591 га), бау — көлемі 245,0 га. Ауылдық округ бойынша 3 — ӨК, 17 — ЖШС, 1- толық серіктестік, 270 — жеке шаруа қожалықтары бар.
Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің инспекторы Б.Сейсенбеков, Отанды сүю, қорғау жай ғана сөзбен көрініс табатын дүние емес. Әрбір азаматтың еңбегі мен бар күш-жігері Отан үшін жұмсалғанда ғана патриотизм жайлы айтуға болады. Бұл жастарға да қатысты мәселе. Қазіргі уақытта әскерге ынталы буынның азаюы тұтас елді алаңдатып отыр. Қазір жастардың әскерге баруға ынтасы жоқ десек те, қазақ баласының қай-қайсысы да елді қорғауда аянып қалмасы белгілі. Дегенмен әскерге барудың жөні бір бөлек. Бұл – ата-ананың, қоғамның бірлесіп атқаратын жұмысы.
Жиын соңында Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Майбұлақ ауылының бірнеше кәсіпкерлерімен кездесті.
Амирқұлов Пердебек «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2.5 пайызбен 8 млн теңге несие алып, қазіргі таңда 37 жылқы малын бордақылаумен айналысуда.
Елеусізова Аягөз мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант жеңіп алып, қазіргі таңда өз үйінде қыз жасауын тігумен айналысады.

Болашақ дәрігерлерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Мейір-Бейс» жоғары колледжі студенттердің қатысумен Республика көлемінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі дінді дәріптеу мақсатында жиын өтті.

Атаулы жиынға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университеті Әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы М.Бесбаев, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Қ.Салықбаев және Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы А.Құрманалиев арнайы қатысып, жиналған жұртшылыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Студенттерге діни экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Леңгір қаласындағы №8 кәсіптік колледж студенттерімен Республика көлемінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі дінді дәріптеу мақсатында жиын өтті.

Атаулы жиынға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университеті Әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы М.Бесбаев, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Қ.Салықбаев және Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы А.Құрманалиев арнайы қатысып, жиналған жұртшылыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Теріс ағымның жетегінде кету, арам пиғылды адамдардың сөзіне сену жастардың болашағына балта шабады. Сондықтан, әрбір қадамға абай болған абзал.

Мұғалімдерге дәстүрлі дінді дәріптеу мақсатында жиын өтті

Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданының білім бөлімінің жалпы орта мектептерінің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пән мұғалімдерінің қатысумен Республика көлемінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі дінді дәріптеу мақсатында жиын өтті. Атаулы жиынға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университеті Әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы М.Бесбаев, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Қ.Салықбаев және Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы А.Құрманалиев арнайы қатысып, жиналған жұртшылыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

МЕДИАЦИЯНЫҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ БОЛЫП ӨТТІ

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Медиация кабинетінің ашық есік күні» республ икалық акциясы болып өтті.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, медиатор Бекмұрзаев Сеит Даутбекұлы жергілікті тұрғындардың даулы мәселелерін сотқа жеткізбей медиация тәртібімен қарау туралы жөнінде ашық есік күнін өткізді.
Шара барысында С.Бекмұрзаев, медиация соттардың жұмысын жеңілдетумен қоса, арыз беруші мен жауапкерлердің уақытын үнемдеуге өз септігін тигізіп келеді. Жалпы медиация қазақ халқының тарихында болған. Ол латын тілінен аударғанда «мәмілеге келу» дегенді білдіреді.
Жиын соңында медиатор С.Бекмұрзаев тұрғындарды күнделікті өмірде туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді сотқа жеткізбей медиация көмегімен шешуге шақырды.