АЭС САЛУ ЕЛІМІЗДІҢ ЭНЕРГИЯ МҮМКІНДІКТІКТЕРІН АРТТЫРАТЫН ЖАҢА БАҒЫТ

АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері дамыған державалар жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алды. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы жаңартылатын қуат көздерінің сапалы өсімін 3%-ға жеткізді. Осыған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15%-ға дейін арттыру көзделуде. Сол себепті, АЭС құрылысының ел дамуына мультипликативті әсерін толық түсіну қажет.

Ресейлік осы саланың ғалымы Р.Алиев АЭС-тегі жағдайды авиациялық жағ­даймен салыстырып, түсі­нікті мысал көрсеткен еді. Әуе кемесіндегі орын алған апат туралы барлығы естіп-білгенмен, күнде қаншама рейс ұшырылады. Сонда да ұшақ ең қауіпсіз көлік түріне айналған. АЭС-тен бас тартқан елдерде осы мәселеге қатысты қорқыныш әлі де бар. Мысалы, Чернобыльде болған жағдайдан кейін Италия АЭС құрылысына тыйым сал­ған. Ал Фукусима апатынан кейін Жапония елдегі көптеген стансаның жұмысын тоқтатты. Германия да атомнан бас тартты. Бірақ Ресей, Қытай, Франция, АҚШ елі әлі күнге дейін АЭС құрылысын жалғастырып, олар­ды пайдалануға ерекше ұмты­лып отыр. Ұлыбританияда жаңа 20 энергетикалық блок салу жоспарланған, жаппай электр мобильге көшу мәселесі қолға алды. Елімізде баламалы энергия көздерін өндіруге ниетті. Сондықтанда бұл мәселе ел талқысына түсіп, 6 қазанда өтетін референдумда өз шешімін таппақ.

НҰРЛАН Ахметов ЭКОЛОГИЯ ҒЗИ БАСШЫСЫ

Бүгінгі таңда АЭС салу қауіпсіз емес, қайта тиімді

Қазіргі таңда әлемде 415 АЭС жұмыс істеп тұр. Тіпті, көршілес Ресейдің өзінде 36 АЭС жұмыс жасауда. Одан бөлек, тағы 8 станцияның құрылыс басталуда. Осы саланы қадағалайтын халықаралық МАГАТЭ деген ұйым бар. Ол — әрбір станциясының талапқа сай соғылуын және қауіпсіздігін бақылайды. Айта кетсек, әлемдегі алғашқы ядролық институттардың бірі біздің мемлекетімізде орналасқан. Сонымен қатар, Алматы қаласында ядро-физикалық орталық бар. Жалпы біз осы саланы игере алатын мамандардан қиналмаймыз. Қауіпсіздікке келсек, бұған дейінгі АЭС-тер +1 және +2 деңгейіндегі станциялар, ал біз елімізде 3-деңгейлі қауіпсіздік талапқа сай станция салмақпыз. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ, бастысы, энергия тапшылығын жоямыз.

Бұдан бөлек, Қазақстан 2060 жылға дейін атмосфераға шығатын көміртекті минималды деңгейде азайту бойынша халықаралық ұйымдармен келісімге қол қойды. Қазіргі таңда ел бойынша энергияның 65%-ы көмірден алынуда. Елдегі ең үлкен Теміртау, Екібастұз, Кентау ЖЭО бар. Олардан ауаға шығатын көміртек едәуір көп. Егер де елімізде АЭС салынған жағдайда ауаның ластануы азайып, станция еліміздің энергияға деген жалпы қажеттілігінің 10-12%-н қамтамасыз ете алады.

Ғани Назарбек
Эколог, қоғам белсендісі

ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ КЕРЕК ПЕ?

Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы, әсіресе елдің оңтүстігінде сезіле бастады. Энергияны тұтыну өскен сайын алдағы бірнеше жылда жағдай нашарлауы мүмкін.

Бүкіл генерацияның шамамен 70% құрайтын көмір электр станциялары тозған күйде және оларды ауыстыру айтарлықтай инвестиция мен уақытты қажет етеді. Бұл тұрғыда атом электр станциялары сияқты жаңа өндіруші қуаттардың құрылысы энергиямен жабдықтау дағдарысының алдын алу үшін өзекті бола түсуде.
Бүгінгі таңда әлемде әр түрлі буын реакторлары құрылды: I, II, III, III+ және IV. Қазақстан референттік, яғни тексерілген және пайдалану тәжірибесі бар III немесе III + буын реакторларын салуды жоспарлауда.

Мұстафаева Ұлжалғас Әбенқызы — «Түркістан қалалық әйелдер алқасы» ҚБ төрайымы

АЭС САЛАРДА БІРНЕШЕ СҰРАҚТЫҢ ЖАУАБЫН АЛУЫМЫЗ КЕРЕК

Біз энергия дефицит кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. «Бізге АЭС керек па?»- деген сұрақтың өзі қате деп түсінемін. Бізге АЭС керек. Біздегі басты сұрақ: Атом электр станциясын қайда саламыз? Қалай саламыз? Кімдер салады?

Жалпы Қазақстанның энергетикалық картасы екіге бөлінеді. Оңтүстік пен солтүстік екі бөлек. АЭС салар кезде осы екі бөлікті байланыстыра алуды назарда ұстауымыз керек. Себебі, бүгінгі таңда еліміздің оңтүстік бөлігінде энергия жетіспеушілік байқалғанымен, солтүстік өңірлерде өндіріс орындары көп. Алдағы уақытта теріскей жақтарда да энергияның жетіспеушілігі артуы мүмкін. Сол үшін де АЭС салар кезде екі бөліктің байланысын орнату маңызды сұрақ болуы керек деп есептеймін.

Амангелді Қалыбек — «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының сарапшысы

АТОМ СТАНЦИЯЛАРЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Бүгінгі таңда энергия алудың ең жақсы нұсқасы — Атом энергиясы. Өйткені, оның келесі артықшылықтары бар: экологиялық таза, үлкен қуат, сонымен қатар дұрыс пайдаланылған жағдайда үнемділік. Дәстүрлі жылу электр станцияларымен салыстырғанда Атом станциялары отын шығынында артықшылықтарға ие. Бұл әсіресе отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуде қиындықтар туындайтын және органикалық отын өндіру мен өндіру шығындарының тұрақты өсу тенденциясы бар аймақтарда байқалады.

Атом станциялары қоршаған ортаны құрамында мұнай өнімдері бар түтін газдары, күл, ағынды сулар сияқты заттармен ластамайды. Атом электр станцияларының табиғи ортаға айтарлықтай зиян келтірмейтінін растау оларды әртүрлі елдерде пайдаланудың көп жылдық тәжірибесі болып табылады. Ал зиянды әсердің болмауы атом станциясының қызмет ету мерзіміне мүлдем тәуелді емес.

Жұмыс істеп тұрған атом электр станцияларын пайдаланудың орташа уақыты бүгінгі күні шамамен 30 жылды құрайды. Атом электр станцияларының сенімділігі, қауіпсіздігі және экономикалық тиімділігі атом электр станцияларының жұмыс істеу процесін қатаң реттеуге ғана емес, сонымен қатар атом электр станцияларының қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға да сүйенеді.

Жакипова Ақбаян Төлбасынқызы — Түркістан облысының «Ата аналар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

БЕЙБІТ АТОМНАН ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Елімізде атом электр станциясын салу туралы мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Кейінгі жылдары бұл мәселе бірнеше рет талқыланып, соңғы онжылдықта қайтадан күн тәртібіне шықты. Себебі сарапшылардың болжауынша, қа¬зір электр энергиясына сұ¬ра¬ныс күннен-күнге артып, 2030 жылы күрт өсуі мүмкін. Осы мақсатта, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында АЭС салудың экономикалық және энергетикалық қажеттілігін атап өтіп, елде тұрақты және экологиялық таза энергия көзі ретінде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты. АЭС артықшылығы – электр энергиясының тұрақты көзін салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ете алатынында. Яғни, АЭС көмір немесе табиғи газ сияқты қазбалы отындарды пайдаланбайды, атмосфераға зиянды газ шығармайды. Бір рет салынған станция ондаған жылдар бойы тұрақты түрде энергия өндіре алады. Қазақстанның уран қоры бойынша әлемде бірінші орында тұрғанын ескерсек, оны аз мөлшерде қолдану арқылы көп энергия алатынымыз анық. Сондықтан, бейбіт атомнан қорқудың қажеті жоқ.
Енді алда, 6 қазанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Әрине, бұл бүкіл халықтың, мемлекеттің өміріндегі аса маңызды стратегиялық мәселе. Сондықтан референдумға дейін атом энергетикасы саласындағы сарапшылар мен мамандардың пікіріне сүйене отырып, оң және теріс жақтарын таразылауымыз керек. Бұл мәселе бойынша объективті ақпарат халыққа қолжетімді болуы керек. Өйткені, атом электр стансасын салу қаншалықты қауіпсіз деген сауал әрбір саналы азаматты толғандыратыны сөзсіз. Болашаққа оптимизммен қарайтын әрқайсымыз алдағы референдумда белсенділік танытып, дұрыс таңдау жасайық.

Ғалия БИСЕЙІТ,
«Түркістан» қалалық газетінің Бас редакторы

АЭС АСЫРА СІЛТЕУШІЛІК ПЕ ?

Қай тұсты қарасаңда, кіммен тілдессеңде елдің , халықтың аузында АЭС -тың күйі. Қарапайым халықтың көпшілігі дәл осы өзгертулерге қарсы. Ал астарын ақтарсаң АЭС дегенді түсінбедікте, көпшілігі қолдап жатқан жоқ қой , әй соған қарағанда бізге зиян-ау деп қысқа қайыратындары да кездеседі. Енді бірі қос қолдап қолдаймын осыны ой бәленбай жыл бұрын салу керек еді ғой деп жар салуда.Басқалары
АЭС-ты толық түйіндемей жатып, жарық жоқ, электр қуаты тым аз, абоненттік байланыстар жасамайды, біздің күнімізді ойлайтын бір адам бар ма ? деп түртпелектеген мәселелерін ортаға салуда.Осы аталғандардың шешу жолы АЭС-ты тік тұрғызу екенін ұғынғысы келмейді ме, әлде шынайы мән бермейді ме?
Пай шіркін өз ойыңа ерік беріп елдегі жаңалықтарға тіл қата кетсең қаншама ақылшымен , даналардан сан қилы пікірлер заулайды дисің, әрине қанша халық болса сонша пікір бар. Бірақ қарапайым халық мына біз АЭС-тың АТОМ , СТАНЦИЯ деп басталар атауынан қорқамыз бәлкім, өткеннің өкінішіде болар. Дегенмен өзгенің көлеңсімен , көшінен қалмау үшін жан-жақты саралап , түйіткілді шешім қабылдау керек. Бұл неге ел қамын ойлағыштардың сөзін сөйлей қалды демеңіз, сол ойлағыштар дәл сол дәрежесіне асқан біліктілікпен, үздіксіз ізденістен жеткен шығар. Мендегі сауал біреу ғана, тәуелсіз елде тұрып, тәуелсіз шешімге нендей дүние кедергі?
Ж.Асылбеков — Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшесі