ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАЗҒЫ-САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНЕ БАРАДЫ

Түркістан облысында биыл алғаш рет модульдік лагерь қолға алынып отыр. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерге 52 модульді жатақхана қойылды. Нәтижесінде мемлекеттік лагерлерде 7500-ден астам қосымша орын ашылды. Бұл туралы Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова мәлімдеді.

Облыстағы 1-10 сыныптарда білім алатын 439 мыңнан астам оқушының 93,5% жазғы демалыспен қамтылады. Бюджет есебінен 10 мемлекеттік, 21 жекеменшік лагерде 41 мыңнан астам бала демалса, қалған 400 мыңға жуық оқушы жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерлер мен арнайы экскурсиялар, танымдық шараларға қатысады. Биылғы жылы жекеменшік лагерлерде жазғы демалыспен қамту үшін 8 ауданнан 11 500 балаға бөлінген қаржы мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланып, жеңімпаздары анықталды. Жалпы өңірдегі 10 мемлекеттік және келісім шарт түзілген жеке меншік лагерлерде 35338 бала демалатын болады. Мемлекет тарапынан бір балаға – 59 077 теңгеден бөлінеді. Бұдан бөлек, «Қазақстан Халқына» қоры есебінен 2 465 бала, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына 420 бала, ата-ана есебінен 5000-ға жуық бала жазғы лагерлермен қамтылады. Туристік 1 күндік жорықтар мен экскурсияларға 75 129 оқушы барады деп жоспарлануда»-деді спикер.

«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ-не 20 жыл

Осыған орай еліміздегі облыстық мәслихат төрағалары мен аппарат басшылары, қоғамдық бірлестіктің өкілдері Жетісу облысында бас қосты.

«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Мұқашев Төлеубек Төлеуұлының арнайы шақыртуымен Түркістан облысыннан мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Мақсат Исаев арнайы барып, бірқатар тағылымды іс-шараларға қатысты.

Кездесудің алғашқы күнінде Төлеубек Төлеуұлы бастаған делегация Сарқан ауданы Қойлық ауылындағы «Нұрбек», «Туралыков», Фисюков Ю.В. жеке қосалқы шаруашылықтарының жұмысымен танысты.

Мәслихат төрағалары шаруа иелеріне мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына көрсетілетін қолдаулар мен жаңа мүмкіндіктерді түсіндіріп, өз кеңестерімен бөлісті.

Іс-сапардың екінші күнінде делегаттар Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға барды. Атап айтсақ, Үстел теннис орталығы, Талдықорған қаласының орталық бассейні, Валейбол оқу-жаттығу кешені, «Jetisu» медиа орталығы мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы және Б.Римова атындағы драма театрдың тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірбие аласты.

Сондай-ақ бұл күні «Қазақстан мәслихат депутаттары бірлестігі»республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті.

Жиынды Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы, РҚБ облыстық филиалының төрайымы жүргізіп отырды.

«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев пен «Мемлекеттік және жергілікті басқару институты» коммерциялық емес білім беру мекемесінің ректоры Әбікен Тоқтыбеков бірлестіктің атқарған жұмыстары мен қызметі туралы баяндады.

Жетісу облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әлібек Жақанбаев елімізде мәслихаттар маңызды рөл атқаратынын және өңірдегі депутаттармен бірлесе атқарлған жұмыстарды атап өтті.

Басқосуда Сенат жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған ұсыныстарды іске асыру туралы айтылды. Сонымен қатар мәслихат төрағалары өз ұсыныстарын жеткізді.

Жиынның қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының реформаларын сапалы іске асыру үшін депутаттар өз сайлау округтерінде белсенді, жан-жақты жәрдем көрсету, Қазақстан мәслихаты депутаттарының ҚР Парламентіне заңдарға өзгерістер енгізу бойынша жіберген ұсыныстарының орындалуына қатысу, қадағалау, ауылдарды жандандыру бойынша пилоттық жобаларды енгізу, азаматтардың игілігі үшін бюджеттік бағдарламалардың сапалы орындалуына қолдау білдіру ұсыныстары енгізілді.