ШАРДАРАДАҒЫ ЖАҒАЖАЙДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТАЗАЛЫҒЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына жұмыс сапарымен барып, «Шардара» су қоймасы маңындағы жағажайларды аралап көрді. Туристік нысандардың жай-күйімен танысып, санитарлық тазалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қадағалады. Біршама сын-ескертпелер айтты.

Түркістан облысының бас санитар дәрігері ретінде Нұрбек Нышанов та облыс басшысымен біргелікте жағажайды аралап, санитарлық жағдайымен танысты. Жағажайда санитария саласы бойынша олқылықтарды жеке бақылауына алды. Аталған аумақтардағы жауапты тұлғалар мен жағажай жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге демалыс орындарына (жағажай) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Жетісай ауданының шаруалары жаздың басынан бері суармалы су алмағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары жаздың басынан бері суармалы су алмағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда аудан диқандарына 236,1 млн текше метр су берілді.

Шілде айының алғашқы күндерінде «Достық» каналы арқылы Қазақстанға секундына 80 текше метр су келеді деп жоспарланған, алайда нақты алынған су көлемі секундына 50 текше метр. Бұл жағдай Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы су шаруашылығы жағдайының тұрақсыз болуына байланысты болды.

Қазіргі уақытта ауданда жағдай тұрақты. Бүгінде «Достық» каналы арқылы Жетісай ауданына секундына 32 текше метр су беріліп, егіс алқаптары кезекпен суарылып жатыр.

«Қазсушардың» Түркістан филиалы қарамағындағы «Достық» магистральдық каналы Жетісай ауданындағы 84,3 мың га жерді суармалы сумен қамтамасыз етеді. Бұл ретте су «Қазсушар» РМК-мен тиісті келісімшарт жасасқан шаруа қожалықтарына ғана беріледі.

Вегетациялық кезең басталғалы бері «Қазсушар» РМК филиалдары Қазақстанның оңтүстігіндегі бес облыстың шаруаларына 5,35 млрд текше метрден астам суармалы су берді. Оның ішінде Түркістан облысының шаруа қожалықтарына 1,79 млрд текше метр су берілді.

Сонымен қатар суару кезеңі басталар алдында топырақты егіске дайындау үшін Жетісай ауданында 50 мың гектар жерде сор шаю жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатқа 125,7 млн текше метрден астам су берілді.

Биыл Қазақстанның оңтүстігінде суару кезеңі 20 күнге ерте басталғанын еске сала кетейік. Бұған ауа райы мен жоғары температура себеп болды. Бұл ретте суармалы судың ерте берілгенінің арқасында Түркістан облысының шаруалары сәуір айының ортасында қырыққабаттың алғашқы өнімін, мамырдың соңғы онкүндігінде қауын мен қарбыздың алғашқы өнімін, маусымда баялдының (баклажан) алғашқы өнімін жинады.