Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Нұралы Әлмаханұлы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 учаскесінде дауыс берді.
«Бұл жай ғана дауыс беру емес — бұл біздің ортақ болашағымызға, балаларымыздың ертеңіне деген жауапкершілік. Референдум – мемлекетіміздің даму бағытын айқындайды. Дауыс беру учаскесіндегі сайлаушылардың көптігінен бұқараның болашаққа деген сенімін көрдім. Ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық белсенділік танытқан баршаңызға рақмет!» – деді облыстық мәслихат төрағасы.
Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Қазіргі таңда облыс тұрғындары маңызды шараға белсенді қатысуда.
Түркістан қаласындағы №115 дауыс беру учаскесіне домбырашылар арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл мәдениет өкілдерінің елдегі маңызды науқанға белсенді қатысуының көрінісі. Домбырашылардың қатысуы тұрғындарға азаматтық белсенділік үлгісін көрсетіп, референдумның маңызын насихаттауға септігін тигізді.
Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.
Түркістан облысында 1 187 257 азамат референдумда дауыс беру құқығына ие. Бүгін 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап өңір бойынша 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Референдум күні өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде арнайы челленджді қолға алды. Азаматтар дауыс беру сәтінен фото және бейнежазбаларын #МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #РеферендумғаБардым хештегтерімен әлеуметтік желіде жариялап жатыр.
Бұл бастама тұрғындарды маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруды көздейді. Әлеуметтік желідегі челлендж арқылы көптеген тұрғындар референдумға қатысып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетуде.
Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Алма Тау» спорттық базасында бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Дайындық барысында ұлттық құрама мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалған жоқ. Спортшылар Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы №760 учаскеге арнайы келіп, азаматтық борыштарын орындап, өз таңдауларын жасады.
Спортшылардың айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды. Сондықтан олар халықпен бірге ел болашағына жауапкершілікпен қарап, референдумға қатысуды азаматтық парыз деп санайтындарын жеткізді.
Бүгін елімізде жаңа Конституцияның жобасын қабылдау бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Демографиясы жоғары, халқы тығыз Түркістан облысында белсенділік жоғары, елдің көңіл күйі көтеріңкі. Өңірдегі барлық сайлау учаскелерінде мемлекеттік Әнұран шырқалып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасап, дауыс беруде.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров алғашқылардың бірі болып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде белсенділік жоғары, 18-ге енді толған жастардан бастап, зейнеткерлер де дауыс беріп жатыр.
Түркістан облысы бойынша референдум учаскелерінің саны – 948 (оның ішінде жабық учаскелер саны – 26). Қазіргі таңда Түркістан облысында жалпы 2 млн 154 мыңнан астам тұрғын бар. Оның ішінде дауыс беру құқығына ие азаматтар саны – 1 187 257, бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.
Республиқалық референдумға өңір жоғары деңгейде дайындалды. Референдумға облыс бойынша жалпы саны 6380 комиссия мүшесі тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше) бар. Комиссия мүшелерінің 97 %-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.
Референдум учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық – техникалық жағынан толықтай қамтамасыз етілген,
Облыс көлемінде биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 16601 ерекше қажеттілігі бар дауыс беруші азамат бар, олардың 4 мыңы қоларба пайдаланады, 8171-інің көру, сондай-ақ, 4430 азаматтың есту қабілеті нашар. Олардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар жасалған.
Жалпы өңірде референдум жоғары деңгейде өтіп, дауыс беру жалғасып жатыр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары.
Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде белсенділік жоғары, 18-ге енді толған жастардан бастап, зейнеткерлер де дауыс беріп жатыр.
Түркістан облысындағы дауыс беру учаскелері қажетті барлық материалдық-техникалық жабдықтармен қамтылған. Референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 97 %-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге, бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.
Аталған форумға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы қатысуда.
«Барлықдеңгейдегі референдум комиссияларыдайындықжұмыстарынаяқтады. Қажеттіұйымдастырушылықіс-шараларжүргізілді, комиссиялардыңқызметінеәдістемелікқолдауқамтамасызетілді, дауыс беру рәсімдерінқолдану мен референдум туралызаңталаптарынсақтаудабірыңғайтәсілқалыптастырылды. Бұлбіздіңреспубликалықреферендумдыөткізугежәне оны заңталаптарынақатаңсәйкесұйымдастыруғатолықдайынекеніміздіайтуғамүмкіндікбереді», – депатапөттіНұрланӘбдіров.
ОРКТөрағасыныңайтуынша, іскеасырылғанкаскадтықоқытужүйесі ел бойынша комиссия мүшелеріндаярлаудыңбірыңғайстандарттарынқамтамасызетугемүмкіндікберді.
Референдумғадайындықаясындазаңнамадакөзделгенбайқау жүргізугеқажеттіжағдайларқамтамасызетілді. Референдум учаскелеріндеболуғақұқығы бар өкілдеріқатысаалатынқоғамдықбірлестіктер мен коммерциялықемесұйымдардыаккредиттеужүргізілді. Бүгінгітаңда 256 ұйымаккредиттелді, оныңішінде 11-ін Орталық референдум комиссиясы, ал 245-ін аумақтықкомиссиялараккредиттеді.
Отырыссоңындадауыс беру күніОрталықреферендум комиссиясыдәстүрлітүрдетікелейэфирдебұқаралықақпаратқұралдарына ел бойыншадауыс беру барысытуралыәрекісағатсайынақпаратберіпотыратыныатапөтілді. Ақпаратберілетіннақтыуақыталдын ала жарияланатынболады.
Жаңа Конституцияда қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен ел бірлігін нығайту мәселесіне айрықша назар аударылған. Негізгі заң ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін айқындап, мемлекет дамуының басты қағидаттарының бірі ретінде бекітеді. Бұл қағидаттар қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті сақтауға, ел ішіндегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.
Конституциялық нормалар Қазақстан қоғамының көпэтносты әрі көпмәдениетті ерекшелігін ескере отырып, азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз етуге негізделген. Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң алдында теңдігін қамтамасыз ету және өзара құрмет қағидатын орнықтыру қоғамдық келісімнің берік негізін қалыптастырады.
Сонымен қатар жаңа Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. Қоғамдағы келісім мен бірлік мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды алғышарты болып саналады. Сондықтан Негізгі заңда белгіленген қағидаттар елдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, азаматтық бірегейлікті дамытуға және ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Осылайша, Конституцияда айқындалған ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау қағидаттары Қазақстан қоғамының тұтастығын нығайтып, елдің бейбіт әрі тұрақты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырады.
Жаңа Конституция елдегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды құқықтық құжат ретінде демократиялық институттарды нығайтуға ерекше мән береді. Негізгі заңда билік тармақтарының өзара тепе-теңдігі мен тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қағидаттар айқындалған. Бұл өз кезегінде мемлекеттің басқару жүйесінің тұрақтылығын күшейтіп, демократиялық үдерістердің дамуына жол ашады.
Конституцияда заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының өзара үйлесімді қызмет етуіне құқықтық негіз қалыптастырылған. Билік тармақтарының теңгерімі мен өзара тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, шешім қабылдау үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай қағидаттар мемлекеттік биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермей, демократиялық басқару қағидаларын нығайта түседі.
Сонымен қатар жаңа Конституция мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттырып, олардың қоғам алдындағы ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл азаматтардың мемлекеттік басқару жүйесіне деген сенімін нығайтып, билік пен қоғам арасындағы өзара байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.
Осылайша, жаңа Конституцияда белгіленген демократиялық қағидаттар билік тармақтарының теңгерімді қызметін қамтамасыз етіп, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне берік құқықтық негіз қалайды. Бұл еліміздегі демократиялық дамудың тұрақты әрі жүйелі жалғасуына ықпал етеді.