2026 жылғы 21 мамырда Түркістан қаласында «TURKISTAN – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты конференция өттіАуқымды іс-шараны Түркістан облыстық мәслихаты мен Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі ұйымдастырды.

Бүгінде Түркістан түркі дүниесінің рухани орталығы ретінде халықаралық деңгейдегі маңызды басқосулар өтетін тарихи мекенге айналып келедіЖуырда қалада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өңірдің халықаралық беделі мен рухани маңызын айқындай түсті.

Осы сабақтастық аясында ұйымдастырылған конференция Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚожаАхмет Ясауи мұрасын еліміз бойынша жан-жақты дәріптеу, оны халықаралық деңгейде таныту және Түркістанды түркі дүниесінің рухани әрі туристік орталығы ретінде дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеберінде өтті.

Конференцияға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары мен орынбасарларыреспубликалық маңызы бар қалалар мен облыстық мәслихаттардың төрағаларыаудандық және қалалық мәслихаттардың төрағаларықұқық қорғау органдарының басшыларыТүркістан облыстық мәслихатының депутаттары, ғалымдар, сала мамандарытуристік ұйымдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияны Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді

Ол өз сөзінде Түркістанның түркі әлеміүшін тарихи әрі рухани маңызына тоқталыпҚожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу – ұлттық құндылықтарды сақтау жолындағы маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Жиында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов сөз сөйлепжылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев және Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев рухани мұраны сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірдегі туризм саласының даму барысы және алдағы жоспарлар туралы ауқымды баяндама жасады. 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаев өз баяндамасында Қожа Ахмет Ясауи ілімінің рухани маңызы мен оның қазіргі қоғамдағы орнына тоқталды.

Ал Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Бекежан Мырзаев Түркістанның туристік әлеуетін арттырухалықаралық тәжірибені енгізу жәнетуризм саласына білікті мамандар даярлау мәселелерін көтерді.

Конференция барысында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат МұқаевЖетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнәр Тойлыбаева және Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов сөз сөйлепөңірлердегі туризмді дамыту тәжірибелерімен бөлісті.

Жиын қорытындысы бойыншаТүркістанның туристік әлеуетін арттыру, ҚожаАхмет Ясауи мұрасын ел арасында дәріптеу бағытында бірнеше ұсыныстар қабылданды.

Конференция соңында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов қатысушыларға алғыс білдіріпмұндаймаңызды бастамалар Түркістанның рухани орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпалететінін атап өтті.

 

Түркістан облыстық мәслихаты

Бөлісу
fb-share-icon

от TAQ.KZ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*