2026 жылдың 26 мамырында Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті қорытынды отырысы өткізіліп, күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Отырыста «Мақтаарал ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдары қызметінің және аудан бюджетінің жоспарлануымен атқарылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы талқыланды.

Мемлекеттік аудит 2023–2025 жылдар аралығын қамтып, 32 аудит объектісінде жүргізілді. Нәтижесінде жалпы сомасы 45,1 млрд теңгеден астам бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда:
қаржылық бұзушылықтар – 14,8 млрд теңге;
тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты – 30,1 млрд теңге;
тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты – 179,6 млн теңге.

Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеу және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 27 материал жолданып, 23 жауапты тұлғаға тәртіптік шара қолданылды.
