АЗАМАТТЫҢ ДАУЫСЫ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Конституциялық қағидаттардың маңызды бағыттарының бірі – азаматтардың қоғамдық өмірге араласуы. Өйткені елдің дамуы тек мемлекеттік органдардың жұмысына емес, әрбір азаматтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымына да байланысты.

Түркістан облысында қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар бірлестіктері мен азаматтық бастамалардың қызметі қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етіп келеді. Тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеру – жергілікті деңгейдегі шешімдердің сапасын арттырудың маңызды тетігі.

Әр азаматтың пікірі ескеріліп, қоғамдық бастамаларға қолдау көрсетілген кезде ортақ жауапкершілік мәдениеті қалыптасады. Белсенді азамат – ел дамуына бейжай қарамайтын, қоғамның болашағына үлес қосатын тұлға.