«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен, Түркістан қаласы әкімдігі және облыстық “Жастар Рухы” жастар қанатының бастамасымен ұйымдастырылған үстел тенисінен ашық турнир өз мәресіне жетті. Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған жарыста қатысушылар үш күн бойы бақтарын сынады. “AMANAT CUP” жеңімпаздарын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев салтанатты түрде құттықтады.

— Спорттың денсаулық кепілі екені баршамызға аян. Демек, біздің мақсатымыз – тәні мен жаны сау ұрпақ тәрбиелеу; жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, көрген-білгені мен алған білімін тереңдету, салауатты өмір салтын дамыту болып табылады. Турнирге қатысқан барлық теннисшілерді шын жүректн құттықтаймын! Барлықтарыңыз да бүгінгі жарыста табандылық, жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайраттылық таныттыңыздар деп білемін. Турнирдің сәтті өтуіне үлес қосқан төрешілер мен бапкерлерге және қатысушыларға, сондай-ақ қолдаушыларға өз алғысымды білдіремін — деді партия төрағасы.

 


Жалпы 200- ге жуық жасөспірім бақ сынаған ашық турнирде, қыздар арасындағы жеңімпаздар:
Шодина Камилжанова 1-орын
Шохина Мирходирова 2-орын
Назерке Болатбек 3-орын
Сонымен қатар, 2010-2012 жылдар аралығындағы жасөспірімдер арасында
1-орын Мафтуни Ханиязова
2-орын Шахруза Шавкатова Сайрам ауданы.
3-орынмен Шымкент қаласынан қатысқан Томирис Косир марапатталды.
Ал, 2005-2009 жылдар араығындағы жасөспірімдер бойынша
1-орынды Шахзода Ахмадилиева, 2-орын Нойла Ханиязова және 3-орын Ұлдана Байболат жеңіп алды. Ал 2013 жылғы және одан төмен жасөспірімдердің ұлдар арасында
1-орын Абай Жұмағұл Түркістан қ, 2-орын Абылайхан Ермаханұлы Түркістан қ және 3-орын Болатбек Шахмардан Жетісай қ.
2010-2012 жылдар арасында 1-орын Марлен Жұмағұл Түркістан қ, 2-орын Абылайхан Ермаханұлы Түркістан қ, 3-орын Орынбасар Есімхан Жетісай қ.

2005-2009 жылдар аралғындағы теннисшілер бойынша 1-орын Самат Төлебаев Түркістан қ, 2-орын Атханбек Моминжанов Шымкент қ, 3-орын Дастанбек Төребеков Шымкент қ.
18-40 жас аралығындағы қатысушылар:
1-орын Әкімәлі Бақдәулет — Шымкент қаласы
2-орын Артухметов Рысбек — Шымкент қаласы
3-орын Бесбай Жасұлан — Шымкент қаласы
41-59 жас аралығындағы ересектер
1-орын Бакуов Болат — Қызылорда облысы
2-орын Абишев Марат — Жетісай ауданы
3-орын Шарипов Сейілбек — Қызылорда облысы
Ал, 60 жастан асқан ардагерлер арасында
1-орын Ким Николай
2-орын Қамысбаев Біржан
3-орын Қасымбеков Қалдыбай

Еске сала кетейік, жарыс 7 санатты қамтыған болатын. 136 ұл мен 64 қыз іріктелген турнирге Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан бөлек Шымкент қаласы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Қырғыстан мемлекетінен теннисшілер қатысты.
Айта кетейік, ашық турнирге «Иассы» копсорциум және Farabi shcool мекемелері тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*