Елордада «AMANAT» партиясының «ЖастарРухы» жастар қанаты үздік волонтерлер мен белсенділерді марапаттады. «Рухтастар» республикалық жастар сыйлығы қоғамдыққызметте белсенділік танытып, жастар саясатыныңдамуына қосқан үлесі үшін жыл сайынтабысталады. «Жастар Рухы» жастар қанатыныңШымкент қалалық филиалы республикалық«Рухтастар» жастар сыйлығында «Үздік филиал»атанды.

Бұдан бөлек «Жастар Рухы» қолдаушысыноминациясын талантты жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп жүрген спортшы, аралас жекпе-жек (ММА) шебері Арман Оспанов марапатталды.
Сондай-ақ «Белсенді рухтас» номинациясыбойынша Шымкент қаласының белсенді жасы Тұрсынбек Жанерке Нұржанқызы марапатталды.

Белгілі болғандай, «AMANAT» партиясы «ЖастарРухы» жастар қанатының кезектен тыс VI съезіндеҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевжастар үшін үш маңызды басымдықты атап өтті – білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм.
Сол съезде жастар қанатын трансформациялаубағдарламасы қабылданған болатын. Мемлекетбасшысының реформалар курсын қолдаумақсатында жастарды қоғамдық қызметкеынталандыру және оларды біріктіру үшін «ЖастарРухы» жастар қанаты бес жылдан бері «Рухтастар» сыйлығын ұйымдастырып келеді.

Биыл Жастар Рухы жастар қанатының Шымкент қалалық филиалы 300–ден астам іс-шара ұйымдастырды. Спорттық және шығармашылық іс-шаралар, ғылыми және дебаттық турнирлер,Жұмысшы мамандықтар жылына орай республикалық деңгейде 2 ауқымды форум өткізілді. Биыл жастарды әскери-патриоттықтәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді. Жастардыжұмыспен қамту мақсатында «Жастарға жұмыс!» атты ауқымды жәрмеңке өткізілді және басқа да көптеген шаралар жүзеге асырылды.

«Жастар Рухы» Жастар қанаты – білімге ұмтылған, еңбекқор, елі мен жерін сүйетін, Отанына адал 100 мыңнан астам патриот жастардың басынбіріктіретін жастар ұйымы. Жастар қанаты құрылукезеңінде еріктілер қозғалысынан бастап ірі жастарұйымына дейін қалыптасу жолынан өтті. «ЖастарРухы» мемлекеттің жастар қозғалысындағы негізгікүшке айналды. Ұйым елдің мемлекеттік жастарсаясатын қалыптастырудың бастауында болып, оның дамуына өзіндік ықпалын көрсетті.