Все записи автора TAQ.KZ

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар!

Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдірді.

Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық.

Президентіміз  атап өткендей, қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосты.

Әділетті әрі Өркендеген Қазақстанның жаңа тарихы ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, тек демократиялық құндылықтар негізінде қалыптасуда.

Жүргізіліп жатқан өзгерістердің сапасы мен даму қарқынын қамтамасыз ете отырып, бәріміз бірге алға қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Барша қазақстандықтарды Отанымыздың Бірлігі мен Тәуелсіздігінің және Егемендігінің символы болып табылатын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын! 

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов

 

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ НҰРАЛЫ ӘБІШОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Нұралы Әлмаханұлы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 учаскесінде дауыс берді.

«Бұл жай ғана дауыс беру емес — бұл біздің ортақ болашағымызға, балаларымыздың ертеңіне деген жауапкершілік. Референдум – мемлекетіміздің даму бағытын айқындайды. Дауыс беру учаскесіндегі сайлаушылардың көптігінен бұқараның болашаққа деген сенімін көрдім. Ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық белсенділік танытқан баршаңызға рақмет!» – деді облыстық мәслихат төрағасы.

Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Қазіргі таңда облыс тұрғындары маңызды шараға белсенді қатысуда.

 

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ДОМБЫРАШЫЛАР УЧАСКЕГЕ АРНАЙЫ КЕЛІП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы №115 дауыс беру учаскесіне домбырашылар арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл мәдениет өкілдерінің елдегі маңызды науқанға белсенді қатысуының көрінісі. Домбырашылардың қатысуы тұрғындарға азаматтық белсенділік үлгісін көрсетіп, референдумның маңызын насихаттауға септігін тигізді.

Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында 1 187 257 азамат референдумда дауыс беру құқығына ие. Бүгін 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап өңір бойынша 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Референдум күні өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде арнайы челленджді қолға алды. Азаматтар дауыс беру сәтінен фото және бейнежазбаларын #МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #РеферендумғаБардым хештегтерімен әлеуметтік желіде жариялап жатыр.

Бұл бастама тұрғындарды маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруды көздейді. Әлеуметтік желідегі челлендж арқылы көптеген тұрғындар референдумға қатысып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетуде.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БОКСТАН ЕЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Алма Тау» спорттық базасында бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Дайындық барысында ұлттық құрама мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалған жоқ. Спортшылар Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы №760 учаскеге арнайы келіп, азаматтық борыштарын орындап, өз таңдауларын жасады.
Спортшылардың айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды. Сондықтан олар халықпен бірге ел болашағына жауапкершілікпен қарап, референдумға қатысуды азаматтық парыз деп санайтындарын жеткізді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін елімізде жаңа Конституцияның жобасын қабылдау бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Демографиясы жоғары, халқы тығыз Түркістан облысында белсенділік жоғары, елдің көңіл күйі көтеріңкі. Өңірдегі барлық сайлау учаскелерінде мемлекеттік Әнұран шырқалып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасап, дауыс беруде.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров алғашқылардың бірі болып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде белсенділік жоғары, 18-ге енді толған жастардан бастап, зейнеткерлер де дауыс беріп жатыр.
Түркістан облысы бойынша референдум учаскелерінің саны – 948 (оның ішінде жабық учаскелер саны – 26). Қазіргі таңда Түркістан облысында жалпы 2 млн 154 мыңнан астам тұрғын бар. Оның ішінде дауыс беру құқығына ие азаматтар саны – 1 187 257, бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.


Республиқалық референдумға өңір жоғары деңгейде дайындалды. Референдумға облыс бойынша жалпы саны 6380 комиссия мүшесі тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше) бар. Комиссия мүшелерінің 97 %-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.


Референдум учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық – техникалық жағынан толықтай қамтамасыз етілген,
Облыс көлемінде биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 16601 ерекше қажеттілігі бар дауыс беруші азамат бар, олардың 4 мыңы қоларба пайдаланады, 8171-інің көру, сондай-ақ, 4430 азаматтың есту қабілеті нашар. Олардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар жасалған.
Жалпы өңірде референдум жоғары деңгейде өтіп, дауыс беру жалғасып жатыр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары.

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде белсенділік жоғары, 18-ге енді толған жастардан бастап, зейнеткерлер де дауыс беріп жатыр.

Түркістан облысындағы дауыс беру учаскелері қажетті барлық материалдық-техникалық жабдықтармен қамтылған. Референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 97 %-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге, бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.

 

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы өтуде.

Аталған форумға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы қатысуда.

Референдум күні әр екі сағат сайын дауысберу барысы туралы ақпарат беріліпотырады

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумдыөткізуге дайындық жұмыстарын аяқтады. Бұлтуралы Қазақстан Республикасы Орталықреферендум комиссиясының отырысындахабарланды.

«Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары дайындық жұмыстарынаяқтады. Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілді, комиссиялардыңқызметіне әдістемелік қолдау қамтамасызетілді, дауыс беру рәсімдерін қолдану мен референдум туралы заң талаптарынсақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды. Бұл біздің республикалық референдумдыөткізуге және оны заң талаптарына қатаңсәйкес ұйымдастыруға толық дайынекенімізді айтуға мүмкіндік береді», – депатап өтті Нұрлан Әбдіров.

Дайындықтың негізгі бағыттарының бірікомиссия мүшелерін оқыту болды. Күнтізбелікжоспарға сәйкес, 13 наурызда оқытудыңқорытынды кезеңі аяқталды. Жедел ақпаратқа сәйкес дайындық барысында 5800-ден астамоқыту семинары өткізіліп, оған әртүрлідеңгейдегі комиссиялардың 71 мыңнан астаммүшесі қатысты. Дайындық деңгейін қосымшабағалау мақсатында қашықтан онлайн-тестілеуұйымдастырылды.

ОРК Төрағасының айтуынша, іске асырылғанкаскадтық оқыту жүйесі ел бойынша комиссия мүшелерін даярлаудың бірыңғайстандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндікберді.

Референдумға дайындық аясында заңнамадакөзделген байқау жүргізуге қажетті жағдайларқамтамасыз етілді. Референдум учаскелеріндеболуға құқығы бар өкілдері қатыса алатынқоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емесұйымдарды аккредиттеу жүргізілді. Бүгінгітаңда 256 ұйым аккредиттелді, оның ішінде 11-ін Орталық референдум комиссиясы, ал 245-ін аумақтық комиссиялар аккредиттеді.

Отырыс соңында дауыс беру күні Орталықреферендум комиссиясы дәстүрлі түрдетікелей эфирде бұқаралық ақпаратқұралдарына ел бойынша дауыс беру барысытуралы әр екі сағат сайын ақпарат беріпотыратыны атап өтілді. Ақпарат берілетіннақты уақыт алдын ала жарияланатын болады.