Балық шаруашылығын дамыту тек экономикалық пайда үшін ғана емес, табиғи экожүйені сақтаумен қатар жүруі қажет. Су көздерін қорғау, заңсыз балық аулауға жол бермеу, орман-тоғай, су айдындарын таза ұстау – баршаға ортақ міндет. Табиғатқа ұқыпты қарау балық қорының үздіксіз молаюына тікелей әсер етеді. Қорытындылай келе, балық шаруашылығы – өңірдің аграрлық әлеуетін арттыратын, халықтың әл-ауқатын жақсартатын, өңір экономикасына тың серпін беретін стратегиялық маңызды сала. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастырып, қолдау шараларын күшейту арқылы өңірлердің дамуына зор үлес қосуға болады.
Биыл жалпы елімізде 12 мың тоннадан астам балық өсірілді. Балық шаруашылығы – экономикалық өсудің жоғары әлеуеті ретінде агроөнеркәсіптің маңызды салаларының бірі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2021–2030 жылдарға арналған Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі индикаторлары: 2030 жылға қарай балық өсіру көлемін жылына 7 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін арттыру; ішкі тұтынуды жылына 67 мың тоннадан 134 мың тоннаға дейін ұлғайту; балық ресурстарының табиғи популяциясын 7%-ға арттыру. Бұл жайлы ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтқан болатын.
Оның хабарлауынша, ағымдағы жылдың 11 айында балық өнімдері нарығының көлемі 76,8 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға артық.

«Осы кезеңде 38,5 мың тонна балық ауланды, 12,2 мың тонна балық өсірілді. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға жоғары. Сонымен қатар ағымдағы жылы экспорт 7%-ға төмендеп, 12,7 мың тоннаны құрады, ал импорт 5%-ға өсіп, 38,8 мың тоннаға жетті», – деді ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов.
Халықтың жан басына шаққандағы балық тұтынуы 4 келіден 5 келіге өсті, алайда ұсынылатын көлем 14,5 келі болып белгіленген. Кәсіптік балық аулау негізінен Түркістан, Атырау, Қызылорда, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізіледі. Балық аулаумен 700-ден астам балық шаруашылығы субъектілері айналысады, онда шамамен 12 мың балықшы еңбек етеді.
Елімізде 20 халықаралық және республикалық маңызы бар су айдыны тіркелген. Олар 366 учаскеге бөлінген, оның ішіндегі 271 учаске немесе 75%-ы 139 пайдаланушыға бекітілген. 95 учаске бос тұр. Жергілікті маңызы бар 2997 су айдынының 1578-і 1163 пайдаланушыға бекітілген. Резервтік қорда 1419 су айдыны бар. 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін балық аулауға 63 мың тонна көлемінде квота бөлінді, оның 38,5 мың тоннасы игерілді.
Балықты жылына жалпы қуаты 120 мың тонна болатын 72 кәсіпорын өңдейді, олардың 20-сы ЕО елдеріне балық өнімдерін экспорттауға құқылы. Балықтың 50 түрі әлемнің 21 еліне, яғни Германия, Латвия, Литва, Нидерланды, Ресей, Қытай және тағы басқа мемлекеттерге экспортталады. Жалпы, 2025 жылдың 10 айында балық өңдеу кәсіпорындары 45 мың тоннаға жуық ысталған, мұздатылған дайын өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 мың тоннаға артық.

Ал, қайта өңделген өнім көлемін ұлғайту мақсатында елімізде мынадай шаралар көзделген: олар, балықты өңдеумен айналысатын субъектілер үшін ҚҚС-ты 70%-ға төмендету және қайта өңдеушілер үшін айналым қаражатын толықтыруға 5% жеңілдікпен несие беру. Сондай-ақ, өндірістік қуаттарды жүктеу мақсатында өңделмеген балықты экспорттауға жарты жылға тыйым салынды.
Түркістан облысында «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» шеңберінде тауарлы балық өсіру көлемін арттыруға нақты жоспарлар қабылданды. Мұндай жұмыстар ауыл шаруашылығы саласының жаңа бағыты ретінде қарқынды дамып келеді. 2030 жылға дейін тауарлы балық өсіру көлемін 20 000 тоннаға жеткізу жоспарлануда. Өткен жылы облыс көлемінде 7 000 тонна балық өндіріліп, бұл жоспар толық орындалған. Бұл көрсеткіш — өңірдің құнарлы су ресурстарын тиімді қолдана отырып, балық шаруашылығын тұрақты дамытып отырғанының белгісі.Балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер саны да едәуір өскен. 2025 жылғы мәлімет бойынша Түркістан облысында тауарлы балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлер саны 231-ге жетті.

Бұл көрсеткіш соңғы жылдардағы инвестиция мен мемлекеттің қолдау бағдарламаларының нәтижесі. Қолдау шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялар беріліп, жаңа шаруашылықтар ашылуда. Өңірдегі жасанды көлдерде балық өсірудің негізгі өндірістік базасын қалыптастырады.Осы су айдындарында түрлі балық түрлері өсірілуде, мысалы, көмеш балық, карась, шортан, аҡ балығы және басқа да түрлер шығарылуда. Бір ғана ірі шаруашылықта күз айларында 50–60 тоннадай өнім алынатын жағдайлар бар. Елімізде балық шаруашылығы жалпы өсім тенденциясын көрсетуде. Өткен жылы жылы Қазақстанда жалпы 18 200 тонна балық өсірілген, оның ішінде Түркістан облысының үлесі шамамен 4 400 тонна — бұл республикадағы ең ірі көрсеткіштердің бірі. Бұл облыстың аталған салада көш бастап тұрған аймақтардың бірі екенін көрсетеді.
Балық шаруашылығын дамыту — ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті бөлігін қалыптастыруға, тұрғындардың табысын арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған маңызды қадам. Талдау көрсеткендей, өңір балық өсіруден басқа аймақтарға үлгі болатындай нәтижелерге қол жеткізіп отыр.