ТҮРКІСТАНДА ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕУ ЖӘНЕ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылғы 21 мамырда Түркістан қаласында «TURKISTAN – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты конференция өтті. Ауқымды іс-шараны Түркістан облыстық мәслихаты мен Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі ұйымдастырды. Бүгінде Түркістан түркі дүниесінің рухани орталығы ретінде халықаралық деңгейдегі маңызды басқосулар өтетін тарихи мекенге айналып келеді. Жуырда қалада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өңірдің халықаралық беделі мен рухани маңызын айқындай түсті. Осы сабақтастық аясында ұйымдастырылған конференция Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚожаАхмет Ясауи мұрасын еліміз бойынша жан-жақты дәріптеу, оны халықаралық деңгейде таныту және Түркістанды түркі дүниесінің рухани әрі туристік орталығы ретінде дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеберінде…









